Құрметті аудан тұрғындары, көкпектіліктер!
Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы –тәуелсіздігіміздің, татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында біздің еліміз Тұңғыш Президентіміздің есімін одан әрі асқақтата түсері анық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні - ұлттық мерекеге айналған, мемлекеттік мереке. Осы күнді біз мақтанышпен сезінеміз, қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосқан Елбасы жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды.
Бүгінде Қазақстан халқы Президенттің жүргізіп отырған реформаларын, әлемдік саясаттағы беделін және бірлікті қолдайды. Оның атымен біз еліміздің тұрақтылығын және экономикалық жаңғыртылуын байланыстырамыз. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге мемлекетті қалыптастыру, нарықтық экономиканы құру, қазақстандық қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту жолындағы қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік. Мемлекет басшысының көшбасшылық қабілетінің арқасында Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы деп танылып, қазақстандық басшының жаһандық бастамалары еліміздің халықаралық аренада өз орнын табуына мүмкіндік берді. Бүгінде алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Оларды да абыроймен атқаратынымызға сенімдіміз!
Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақ-стандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Біз Елбасымен бірге Мәңгілік ел, болашақ Қазақстанның іргетасын қалап отырмыз.
Құрметті жерлестер!
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бас-тамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет, сәулелі ғұмыр тілейміз!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.