Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызмет ететін «Trainig дәмханасы» ашылатынын газеттің алдыңғы санында тілге тиек еткен болатынбыз. Қараша айының 17 жұлдызы күні аталмыш дәмхананың салтанатты ашылу рәсімі болды. Шараға аудандағы барлық бөлімдер мен білім ордаларының өкілдері, Аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының төрайымы Ә.Мұқашева қатысты. Олар дәмхана қызметкерлеріне арнайы әкелген сыйлықтарды табыстап, құттықтау лебіздерін білдірді.
- Кафені ашудағы мақсат әлеуметтік орталықтың емделушілерін қоғамға алып шығу, өмір сүруді үйрету. Бұл жерде оларға қазіргі заманға сай жаңаша өмірдің есігі ашылады, - дейді дәмхана иесі Светлана Кошелева.
Осындай Тренинг-кафелер еліміздің бірнеше қалаларында, атап айтқанда Алматыда, Ақтауда ашылған. Бұл дәмхана Көкпекті ауданының орталығында облыс көлемінде тұңғыш ашылып отыр. Мерекелік кештің құрметті қонақтары ауданымыздың оңалту орталығының тәрбиеленушілері болды. Олар өздері үшін арнайы ашылған дәмхананың тұсаукесеріне ән мен биден шашу шашты.
Сонымен қоса, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін Алматы қаласында ашылған «Тегін түскі астар» атты жобаның ұйымдастырушысы, психолог маман Р.Темербаева қатысты.
Ерте бастан тағдыр талқысына түскен балақандар көңілінде үміт отын жаққан дәмхананың ашылу құрметіне қызмет алушы Алена Бойкованың анасы М.Бойкова ризалығын білдірді: - Менің балам орталық ашылған күннен қызмет алуда. Қоғамымыз толығымен қамкөңіл балғындарға бет бұрып, осындай игі істер, әлеуметтік жобалар жүзеге асып жатқанына өте қуаныштымын. Осының барлығы Тәуелсіздіктің арқасы, - деді.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.