«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіптің нәсібін көрем деген азаматтарға үлкен демеу беруде. Міне, осылайша мемлекеттің қамқорлығын тиімді пайдалана отырып, шаруаны өрге домалатудың зор мүмкіндігі туып отыр. «Әрекет түбі - берекет» деген, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіп ашып, күнкөрісін жақсартамын дегендерді демеп, қаржылай қолдауды көздейді.
Ауылды жерде екі қолға жұмыс жоқ дегенге ешкім де сенбейді. Бұл жұмыс істеуге, ойлауға ниеті жоқ адамдардың сөзі болуы мүмкін. Тәуелсіздік алғаннан бері, тыныш жатқан әр ауылдан небір іскер, бардан жоқ жасайтын азаматтар көптеп шыға бастады. Айналасындағы табиғат, тұнып тұрған еңбек көзі екенін олар көре білді және ойын іске асыра алды. Соның бірі Мамай ауылының азаматы Сағатқан Мұсаев. Ол ойлана келе, көл жағалай өскен қамыстардан өз кәсібін табуға бел байлады. Ойланды, жоспарлады, зерттеді. Ауыл шаруашылығында құрлысқа қамыстың қажеттілігі бар екенін анықтады. Тәуекелге бел буды. Өз мақсатын дәлелдей отыра, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз кәсібін бастады. Ұлы екеуі қамыс орып, алғашқы нәтижелерін байқады. Қамысқа сұраныс барына көздері жетті. Өздерімен бірге тағы да 5 адамды жұмысқа алып, қызу іске кірісті. Сұраныс көбейіп, Самар, Көкпекті, Ақсуат тағы басқа ауылды жерлерден тапсырыс келе бастады. Мал қораларын жабуға, жылылауға қамыстың тиімділігі барына көздері жетті. Сатып алуға тиімді баға және қамыстың шірімейтін табиғаттың дайын өнімі екенін сезді. Сағатқанның мұндай бастамасына біреу қызыға қараса, бос жүргендер қызғана қарады. Азамат алға қойған мақсатына жетті. Қамыс буатын, шабатын түрлі арнайы станоктар сатып алып, өз ісін ілгерілетті. Қазіргі таңда, кәсібінің нәсібін көріп, отбасын асырап, басқалардың сұранысын қанағаттандыруда. Міне, мұндай азаматтың пайдалы тірлігі көпке үлгі болатыны анық. Екі қолың бос болса, айналаңда адамға қажеттінің бәрі бар. Ерінбесең, Сағатқандай еңбек жолын сен де табасың. Азаматтың адал ісіне көңіліміз толып қайттық.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.