Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды.
Тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұл заң мүлікті жария етуді жүзеге асырудың жаңа процедуралық ерекшеліктерін айқындап берді. Яғни мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен салыстырғанда, көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Осыған орай аталмыш шара 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып, ел арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр.
Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әңгіме қозғаған кезде, «Қандай жеке құндылықтар жариялау арқылы заңдастыруға жатады?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Аталмыш сұрақтың жауабы заңның 3 бабында нақты айқындалған. Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, басқа біреудің атына рәсімделген жылжымайтын мүлік, еліміздің территориясындағы ғимарат, шетелдегі жылжымайтын мүліктер мен қаржылар жариялау арқылы заңдастыруға жатады. Осы орайда пайдалану құқығы сотпен қаралып жатқан мүліктер, несиеге алынған қаражат, мемлекет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қаражатына салынған обьектілер, жемқорлықпен байланысты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпайтынын еске сала кеткен орынды. Сонымен қатар мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілгенімен, жылжымайтын мүліктерге байланысты құжаттарды қабылдау уақыты 30 қарашада аяқталады. Сондықтан мүмкіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана аса мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн. «Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды» - деген Елбасымыз. Бұған қоса, 2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декларациялау процесі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң алдында жауап беруге тура келеді. Сондықтан да мүлікті жариялауға байланысты барлық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күннің қамын бүгіннен ойлау керек. Турасын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым мерейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.
Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.