Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектіде қазақ тазыларының асыл тұқымдық көрмесі болып өтті. Көрмеге қатысқан 50-ден астам тазыларды кәсіби сарапшылар бағалады. 17 сәуірде өткен шараға мұрындық болып жүрген елжанды азамат Арман Ізғұтты. Қазақстан кинологтар одағының облыстық филиал басшысы Елена Хардина, Павлодар қаласы «Алтын Мирас» асыл тұқымды тазы қорының директоры Жеңіс Әскер облыстың барлық өңірінен әкелінген тазылардың асыл тұқымдық құрамына жоғары баға беріп, тамсанысын жасырмады.


Мәдениет үйінің алаңына таңсәріден тазысын ерткен көк-пектіліктер жиыла бастаса, түс ауа облыс аумағынан келген тазы асыраушылардың қарасы көбейіп кетті. Бородулиха, Қатонқарағай, Жарма, Тарбағатай ауданынан келген тазы асыраушылар да осы жерден табылды. Олар тазысын таңбалап, санаққа қатысты. Тіпті, білікті кинологтар асыл тұқымды тазыны ұстау, оны күту, сақтау, қажет болған жағдайда қорғау мәселелері бойынша заң аумағында кеңес берді. Құжаттарды әзірлеу бойынша да біршама мәселенің басы ашылды.
«Ұлттық мұраны сақтап қалу, ұрпаққа мирас ету мақсатында бұл шараны былтыр қолға алдық. Осы кезге дейін аудан тазыларына ауыл ақсақалдарынан өзге ешкім сарапшы болған емес. Таза тазыны танитындар бірден тазының тірсегі мен құйрығына қарайды. Ал, енді кәсіби сарапшылардың сынынан өтіп, текті ит екенін айғақтайтын ресми құжаты бар тазылар аудан игілігіне айналып отыр. Бұл да болса үлкен жетістік, - дейді көрмені ұйымдастырушы Арман Ізғұтты. Заманында Құнанбай қажының сенімді серігі болған ұлы бабамыз Ізғұтты ұрпағының арманы аудандағы таза қанды қазақ тазысының санын арттырып, ұлттық мұраны көпшілікке насихаттау. Республикалық көрмелерге шығарып жүрген Арманның тектілігіне кісі күмән келтіре алмас тазылары бүгінде ел үшін аңыз, өзіне мәртебе.
Әркім де «түлкі мен қоянды қосарлап алып жүрген» тазыларына көрмеге қатысушы иттердің бірде біреуін тең көрмей тұр. Біз сөзге тартқан тазы өсірушілердің қай-қайсы да өз итін «ең жақсы ит» деп санайды екен. Бірақ, бұлардың бәрі үшін мұндай көрме – тазыларын кәсіпқой сарапшыларға сынатып, құжат алатын бірден-бір мүмкіндік.
Мирас Нығметжан есімді жеткіншектің жетегіндегі қарбасқан қара тазы Басар мен иесінің жарасымдығы көпшіліктің көзайымына айналды. Бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртудағы үлкен жетістік деп санаймын. Қазақы тазыны бабалар аманаты ретінде сақтап қалу ендігі кезекте бүгінгі буын мен келер ұрпақтың еншісінде.
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз