Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасы Сағандықов Рамиль Нығметжанұлы ағымдағы жылдың 28 наурызында азаматтарды қабылдады. Көшбасшы партия ғимаратында өткен қа-былдауға 5 көкпектілік азамат өздерін тол-ғандырып жүрген сауалдарын арқалап келген екен. Барлығына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көкпектілік Бұлбұл Өмірсерік партия филиалы төрағасының қабылдауында ең көп көтерілетін тұрғын үй беру мәселесі бойынша өтінішін білдірді. «Нұр Отанға» үміт артып, партиядан көмек сұрай келген азаматтарға берілген мәлімет бойынша бүгінде тұрғын үй кезегінде барлығы 511 адам тұр. Бұл орайда аудан әкімі Р.Сағандықов тұрғын үй қорынан пәтер заң аясында кезекке сай беріледі деген жауап қайтарды.


Қабылдауға келген Жақсылық Оразаев ту-ған жерге оралып, ауданда еңбек ету мақса-тында жұмысқа орналасуға көмек көрсету туралы өтінішін білдірді. Рамиль Нығметжанұлы жерлесіміздің туған ауылына деген сүйіспеншілік сезіміне жоғары баға беріп, ауданда қалыптасып отырған маман жетіспеушілік мәселесіне кеңінен тоқталды. Мемлекеттік қызмет саласында бос орындар баршылық. Жұмыс істеймін деген жалынды жастарға қашан да мүмкіндік бар.
Аудан орталығында шешемін табуы тиіс мәселенің бірі де бірегейі жеке меншік балабақша. Балабақша ашу керектігі айтпаса да түсінікті. Ең кіші топқа арналған ясли балабақша кешені тапшылығы анық сезіледі. Тек осыны қолға алатын адам табылмай жүрген еді. Енді, міне, белсенді жерлесіміз бел шешіп кіріскен екен. Альфия Гусейнова жерлестердің сұранысын қамтамасыз етсем дейді. Жеке меншік балабақша ашу идеясы жағынан керемет жоба бола тұра қаржылық жағынан да салмағы мығым. Осы тұрғыда Альфия Гусейнова аудан басшысынан несие алу мәселесінде көмек беруін сұрады. Негізгі мәселе - ғимарат. Рамиль Нығметжанұлы игілікті бас-тама көтеріп отырған ауылдасымыздың ісіне қолдау танытып, барлық мүмкіндіктерді қарастыру керектігіне баса назар аударды.
Аудан әкімі тұрғындардың мұң-тұқтажымен жақынырақ танысу мақсатында 4 сәуір күні аудандық әкімшілік ғимаратында азаматтарды қабылдады. Бұл күнгі қабылдауда көтерілген мәселелер де негізінен тұрғын үй беру, жер телімін бөлу төңірегінде өрбіді.
Бәрімізге жақсы таныс белді жерлесіміз Бибинұр Мурсалимова кәсіпкерліктің жаңа қырына мойын бұрған жоспарларымен бөлісті. Кез-келген істі дөңгелетіп әкететін нәзік жанды кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға бел буған екен. Қазірдің өзінде істі бекем бастап кетуге негіз боларлық ірі қара мал басын өсіріп үлгерген. Ірі қарамен нықтап айналысу үшін бірінші кезекте жайылым және шабындық жер қажеттілігі туындайды. Осы мәселе бойынша аудан басшысы тарапынан қолдау күтеді жеке кәсіпкер. Рамиль Нығметжанұлы қабылдауға арнайы шақыртылған жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтиновқа заң аясында жер бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. Аудан басшысы кез-келген тұрғынның жаңа бастамаларына қолдау танытып, тың жобаларға қашан да жол ашық екендігін қадап айтты.
Жас маман Ерзат Баяхметов Семей қала-сындағы олимпиадалық резерв бағытындағы спорт колледжінің түлегі. Еңбек жолын былтырғы жылы Көкпекті орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Жастайынан спортпен айналысқан Ерзат бос уақытын ауыл жастарын грек-рим күресінің қыр-сырымен таныстыруға арнап жүр. Мектеп қабырғасында грек-рим күресінен оқушыларға арналған үйірме ашылатын күн де алыс емес. Мектеп басшысы да жас маманның бастамасын қолдап, боз кілемді төсеп тастады. Жас жеткіншектерді спортқа баулимын деп тер төгіп жүрген жас маманды толғандыратын жалғыз мәселе – баспана. «Дип-ломмен ауылға» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие алуға ниетті. Еңбек жолын бастаған аз уақыттың ішінде қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып үлгерген жас маманның өтінішін тындаған аудан басшысы аталмыш мәселе жұмыс комиссиясында қаралатынын жеткізіп, Ерзаттың алдағы еңбегіне жеміс тіледі.
Апта ортасында аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы Самар ауылында жалғасын тапты. Қабылдауға жазылған 13 азаматтың өтініш-арыздары түгел тыңдалып, кейбір мәселе бірден шешімін тауып жатты. Самарлықтар тұрғын үй алу, жер бөлу, материалдық көмек көрсету мәселелерін ортаға салды. Сондай-ақ, бұл күні аудан әкіміне мүлікті жария ету, жеңілдікпен несие алу бойынша өтініштер түсті.
Қалай дегенде де бұл күнгі қабылдау ашық әңгіме жүзінде өрбіді. Азаматтардың барлық ұсыныстарын тыңдап отырған аудан әкімі оларды шешудің жолдарын атап өтіп, сөз болған мәселелерге қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз