Келісім пен бейбітшілік күні ретінде Қазақстан Пре-зиденті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін белгіледі, ол алғаш рет аталып отырған - 1- наурыз.
Біздің ата-бабамыз небір қиын замандарда да тағдыры мен өзіне берілген туған жеріне ризашылық еткен. Олар үнемі қиын сәттерде жақындарына көмекке келіп, алғыс айта білген. Саяси қуғын-сүргін зама-нында да адамдар бір-бірінен көмектерін аяған жоқ. Қазіргі кезде де сол ауыр кезеңдердің куәсі болғандар мен оның ұрпақтары қазақ даласындағы қонақжайлылыққа куә болып, қазақ халқына өздерінің ал-ғыстарын айтып жатыр.
Самар ауылындағы достық үйінде осы мерекеге арналған ауқымды шара өткізілді. Бұл шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Ұлы дала еліне алғыс айтамын», - деп аталатын «дөңгелек үстел» өтті. Бұл сұхбат алаңына ауыл-дағы мектептер, «Хофнунг», «Асыл қазына», «Асыл мұра» бірлестіктері, дін өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жастар қатысты. Кіріспе сөзді Достық үйінің директоры Е.Сихварт алып, қаншама нәубетті басынан өткерген қазақ елінің өздерінің салт-дәстүрлерінен ешқашан да айнымай, ата жолын ұстағандарын, әлі де ұстап, қаншама ұлт пен ұлысты біріктіріп отырғанын атап өтті. Кезінде Қазақстанға 5,6 миллион адам жер аударылып келді. Сталиннің кезіндегі қатал ұжымдастырудың құрбаны бол-ған бір жарым миллион адам аштан қырылды. Күшпен жер аударылғандардың көбі кейін тарихи отанына оралды, олардың барлығы Қазақ еліне алғыс айтады. «Мен де сол ұрпақтың бірімін»,-деді Елена Сихварт. Бүтін құртты бөліп, жарты құртты жарып жеген бауырластар әлі күнге бір-бірімен араласып, алыста болса, сағынысып көріседі. «Бір ел, бір тағдыр» қағидаты осыдан тарайды.
Алғыс айту сезімі ұлы дала дәстүрлерінен тарайды. Бұл жайында «Асыл қазына» (К.Нұрпейісова), «Асыл мұра» (Г.Тупеева) нақты мысалдармен тарата отырып айтып берді. Қазақтың «асар», «жылу», «ерулік» деп аталатын дәстүрлерінің мағынасын түсіндірді. Жер ауып келіп, қазақ ауылдарын паналаған адамдарға баспана салуда бүкіл ауыл болып қатысып, бұл жұмысты «асарлату», ал жұтап қалған отбасына көмек беру үшін әркім қолда барын жинап берген, бұл – «жылу» деп аталған. Міне, бұл дәстүрлер ұлы қазақ жерінде мейірімділік пен қайырымдылықтың негізі болып табылады десек, артық айтқандық емес.
Бүгін біз бірегей елміз және бейбітшілік пен келісімде жүзден астам этностар мен 17 конфессия өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы да толеранттылықты мақсұт етеді. Ол жайында Самар орталық мешітінің имамы Бекболат Кәлебай, Святопокров шіркеуінің қызметкері Николай әкей айтты. Ал №1 Самар орта мектебінің директоры В.Кутателадзе, ардагерлердің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, отбасы құндылығын сақтауда рухани байлықты қолдану мен жастар бойына сіңіру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы айтты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Осы елде тамыр жайдық біз» атты бейнефильм көрсетілді. Ол деректі фильм нақты фактілерге сүйеніп түсірілген, берер тағлымы мол болды.
«Туған жерім жүрегімде» атты концертте «Асыл мұра» әжелері шашу шашып, ән-жыр айтылды, би биленді.
«Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек. Осы қарым-қатынасымызды сақтап, дамы-туға тиіспіз. Әлемде біреу өз ұлтын басқалардан артық көретінін айтса, қорқынышты жағдайлар болып жатқанына куә болып жүрміз. Бізді құдай бірдей етіп жаратты, содан кейін ғана біз ұлтқа, дінге бөлінеміз. Осы қарым-қатынасты сақтап, дамыту керек. Өмірде түрлі жағдай болады. Бірақ біз майда нәрселерге көңіл аудармауымыз керек. Достығымызды ұлғайтып, бір-бірімізге деген сенімді арттыру керек», - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі дәл осы күннің қорытындысын шығаруға айтылғандай.
Қазір Қазақстанның алдында үлкен мақсаттар тұр. Бізге Ұлт көшбасшысының Жолдауын, «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру керек. Біз жаңа "Нұрлы жол" экономикалық саясатын жүзеге асырып жатырмыз. Сондықтан да бүгін Қазақстан халқына бірлік аса қажет. Барлықтарыңызға мың Алғыс!
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.