Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанда қазіргі күні «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Ел Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында аталып көрсетілген кәсіби-техникалық білім беруді жаңғырту бойынша ауқымды іс атқарылып жатыр. Осыған орай, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың арнайы бағдарламасы ел экономикасын білікті техникалық мамандармен толықтыру арқылы жоғары сапалы инновациялық моделге көшуді қамтамасыз етуге қызмет етуді көздеп отыр
Самар аграрлық-техникалық колле-джі оқушыны жеке тұлға ретінде қалып-тастыруға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және оқу мен тәжірибені ұштастыра алып отырған, дайын маман ретіндегі соңғы даярлықты аяқтап, кәсіби-техникалық білімі бар мамандық иесі мәртебесін беруге дейінгі бағыттағы жұмысты жүргізеді.
Білім ошағындағы директордың оқу-өндірістік тәжірибе бойынша орынбасары Ж.Жолжақсынованың айтуынша, колледждің білім беру бағытындағы сасатының басты мақсаты – кәсіпқой-жылжымалы, ұдайы білімін жетілдіруге бейім және нарықтың қарқынды дамуына қарай өзін-өзі жетілдіріп тұратын маман даярлап шығу болып табылады. Барлық назарды білім берудің нәтижесіне, техниканы жетік меңгерген, кәсіби мәселелерді шұғыл шешуге даяр сапалы маман дайындауға аудару көзделеді. Мақсатқа жетудің тетігі білім беру жүйесінде жаңашылдық үдерісті жүзеге асыру болып табылады.


Өзінің құрылған күнінен бастап-ақ Самар аграрлық-техникалық колледжі студенттерді тегін оқытуды жүзеге асырып келеді, әлі де жалғастыра бермек. «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақы-рамын. Жұмысшы мамандықтарын мең-геру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды», - деген Елбасының сөзі жаңа ғана мектепті аяқтаған жастарға бағыт-бағдар беріп, жұмысшы мамандығын игеруге үндейді.
Колледж жеті квалификация және алты мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім беруді жүзеге асыру бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия иегері болып табылады. «Техникалық қызмет көрсету және ауылшаруашылығы техникаларын жөндеу», «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі»,«Элек-трогазбен дәнекерлеуші»,«Машинамен сиыр сауу операторы», «Көлік жөндеуші шебер», «Аспаз», «Даяшы», «Агроном» мамандықтары бүгінгі ауыл тұрмысында үлкен сұранысқа ие.
2015-2016 оқу жылында жалпы оқушылар саны 145 адамды құрады, олардың ішінде «Агроном» мамандығы бойынша - 17 адам, «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» - 53, «Аспаз» - 32 адам, «Даяшы» - 7, «Көлік жөндеуші шеберге» -15, «Электргазбен дәнкерлеушіге» - 12, «Сиыр сауу операторына» - 9 адам оқып жатыр.
Колледжге студент тарту Көкпекті ауданының экономикалық даму барысын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Биыл аудандағы өсімдік және мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан жұмыс беруші әрі әлеуметтік серіктес болып табылатын «Мәмбет», «Қалисатарұлы», «Жаңажол», «Дюсупов», «Колос»,«Лик» шаруа қожалықтары мен «Енбек-Агро» ЖШС-ның тапсырысы бойынша «Агроном», «Сиыр сауу операторы» мамандықтары жаңадан енгізілді.Колледж болашақта да өңірдің талап-тілегіне сай келетін мамандарды даяр-лауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Енді «Техник-мал дәрігері», «Зоотехник», «Сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіруші шебер» мамандықтарын оқыта-тын топтар ашылатын болады.
Колледжді аяқтаған соң мамандардың жұмысқа орналасуы білім беру ошағы үшін өте маңызды. Бұл орайда алға ілгерілеушілік бар. Мысалы, 2013 жылы колледжді аяқтағандардың 59%-ы, 2014 жылы да 59%, 2015 жылы 71%-ы жұмысқа орналасты.
Студенттерге жақсы және үздік оқығандары үшін ай сайын шәкіртақы төленеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы 25 %-ға артып, қазіргі күні оқу екпінділері – 16759 теңге, озаттар – 17597 теңге шәкіртақы алады, ал жетім және қамқоршылықтағы студенттердің ай сайынғы шәкіртақысы – 21786 теңге.
Жыл сайын студенттер шаруа қожа-лықтарында, кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіби іс-тәжірибеден өтеді, бұл оқу-тәрбие ісінің бір тармағы болып табылады. Іс-тәжірибе өтудің мақсаты теория жүзінде оқулықтан оқығанды тәжірибемен бекіте түсіп, машықтануды, болашақ мамандығына бейімделуді нығайта түсуді көздейді.
2014-2015 оқу жылында «Ауыл-шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығын даярлай-тын № 31-топтың 19 шәкірті атал-ған кәсіпорындар мен шаруа қожалық-тарында ақылы өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Олар: «Қалисатарұлы» - 3 адам, «Құдайбергенов» - 3 адам, «Елім-ай»- 1 адам, «Мәмбет» - 9 адам, «Рыспаев и сыновья» ЖШС - 1 адам, «Батраков» – 2 адам, «Восток Фиш» -1 адам. №32 «Пекарь» тобының 11 шәкірті төмендегі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарынан өндірістік іс-тәжірибе жинақтады. Атап айтсақ, «Мәмбет» - 5 адам, «Каравай» ЖШС -1 адам, «Иванова ЖК - 2 адам, «Иртыш» наубайханасы - 4 адам, олардың ішінде 6 адам ақылы түрде өтті.
Өндірістік іс-тәжірибенің қорытын-дысы бойынша жұмыс берушілер бір-неше түлекті жұмыстағы жақсы көрсет-кіштері мен тәртіптілігі, өз істеріне деген жауапкершіліктері үшін бағалы сыйлықтармен және мадақтау грамоталарымен марапаттады. 2015-2016 оқу жылының бірінші семестрінде өндірістік іс-тәжірибеден – 43 студент өтті, оның ішінде «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығына - 20 адам, аспаз – 23 адам.
Колледжде оқу үрдісі барысында студенттердің теориялық дайындығы пен кәсіптік шеберліктерін ұштастыруға мүмкіндік беретін оқытудың дуальдық жүйесінің элементтері енгізілуде. Оқытудың дуальдық жүйесінің енгі-зілуі нәтижесінде, теориялық мате-риалдардың меңгерілу дәрежесінің сапа-сы артып, іс-тәжірибе барысында сту-денттердің кәсіптік білімдері кеңейгені және тереңдегені байқалуда. Оқытудың дуальдық жүйесі колледж бен жұмыс беруші арасындағы өзара қарым-қатынас механизмі мен әлеуметтік серіктестіктің дамуына мүмкіндік жасайды.
Колледждің оқытушылары мен өнді-рістік оқыту шеберлері студенттерді оқыту үрдістерін одан әрі жетілдіре түспек. Өйткені, Мемлекет басшысының Жолдауларындағы тегін кәсіби-техни-калық білім беру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында аудан экономикасын, аграрлық секторды және жалпы елді дамытуға серпін беретін жаңа жобаларды, жаңа мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік туады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз