Жаңа оқу жылы басталысымен, алғашқы күннен бастап аудан мектептерінің түлектері үшін жауапты кезең басталады. Ол - Бірыңғай ұлттық тестке дайындалу. Мектепті аяқтаған кезде тапсыратын бұл сынақ түрі бәріне бірдей жеңіл соқпайды. Сынақ оқушының білімін тексерумен қатар, психологиялық тұрғыдан да ауыр салмаққа айналған. Ауданның ҰБТ тапсыру пункті мен мектеп түлектерінің басты емтиханға даярлығы қалай өтіп жатқаны туралы Білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен сұхбат:
- Жаңа оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы қалай болатыны туралы болжам қандай? Биыл ҰБТ тапсыруға қанша оқушы қатысады?
- Көкпекті ауданындағы 21 орта білім беру мектебінен алдын ала есеп бойынша ҰБТ-ға 2016 жылы 18 мектеп қатысады. ҰБТ-ға Пушкин атындағы, Казнаковка, Миролюбовка орта мектептер қатыспайды, өйткені ол мектептердің түлектері колледжге түсу үшін дәстүрлі түрдегі аттестациядан өтуді таңдаған. 2015-2016 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 11 сынып оқушыларының саны 177 оқушыны құрады. Қазақ тілінде оқитындар 126 (71,1%) оқушы, орыс тілінде - 51 (28,8%) оқушы оқиды.
- Мұғалімдер 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бо-йынша «жіберілген қателіктерді» түзеу жұмысын жүргізді ме? Оған қандай жұмыстар жатады?
-Мектептің әр педагогінің алдында тұрған басты мақсат – оқушылардың алдағы ҰБТ сынағына сапалы дайындау. Өкінішке орай, өткен жылы «Алтын белгіге» үміткерлердің барлығы бірдей 11 жыл бойы алып жүрген «өте жақсы» деген бағаларын ҰБТ-да қорғай алмады, ендеше мектептерде бағаны көтермелеп қою бар деген сөз. Сондықтан да ерекше белгі үміткерлері мен нақты көрсеткіш арасындағы тепе-теңдік айырмашылық жер мен көктей деген сөз. Орташа баллдың өсу бағаны ең төменгі көрсеткіш физика және математика пәндеріне тиесілі. Өткен жылдармен салыстырғанда математика бойынша балл 2,6, физикадан 2,1 баллға өссе де, көрсеткіш төмен болып қалып отыр. Міне, бізге қажет жұмыс ауқымы осында. 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларымен, директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова қатысқан кеңейтілген жиын өтті. Ол жиында ҰБТ қорытындысы шығарылып, мәселелер анықталды. Түлектерді 2016 жылғы ҰБТ-ға дайындаудың кезеңдік жоспары жасалып, бекітілді. Тамыз кеңесінде мектептердің әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің алдында ҰБТ-ға дайындық сапасын барынша арттыру міндеті қойылды.
- Мектеп оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы қандай дәрежеде?
- Бірыңғай ұлттық тест өткізу үшін Көкпекті орта мектебінің негізінде барлық жағдай жасалған. Бес аудиторияда ауа тазартқыштар қойылса, біреуінде желдеткіш жүйесі жұмыс істейді.
Алты аудиторияда бейнебақылау камера, сонымен бірге 7 ұялы байланыс желісін өшіретін, 2 темір іздегіш аппарат бар. Алты аудиторияда ауыз суға арналған диспенсер орнатылған. Ауданның шалғай ауылдарынан келген түлектер үшін жатын орын мен тамақтандыру ұйымдастырылады. Жыл сайын ҰБТ өткізгенде Орталық аурухана, АІІБ, өрт қауіпсіздігі қызметі қызметкерлері көмек береді, сонымен бірге мемэпидбақылау басқармасы, ШҚ Энерготрейд аудандық бөлімі, «Қазақтелеком» ААҚ, ТЖ бөлімі, Көкпекті ауылдық округі әкімшілігі ҰБТ қабылдауға даярлыққа қатысады. Жүйелі даярлық бағдарламасы бойынша 10-11 сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыруға ауқымды дайындық жұмысы атқарылады. Әр мектеп бойынша мамыр айына дейінгі алдын ала сынақ тесттердің орта балл көрсеткішіне жорамал – жоспар жасалған. Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, аудан түлектерін бірыңғай ұлттық тестке сапалы дайындау мақсатында мектепішілік, аудандық сыртқа барып сынақ тапсыру жүргізіледі. Түлектер мен «Алтын белгіге» үміткерлердің дайындық сынағының нәтижелері сарапталып, әкімшілік жиынында, кіші педкеңесте, директорлардың кеңестерінде талқыланады, ата-аналардың назарына ұсынылады, шешімі қиын сауалдар қаралып, қатемен жұмыс жүргізіледі.
- Қанша аралық ҰБТ өткізілді және олардың нәтижесі қандай?
-Тест тапсырмаларын орындауға жаттығу – ҰБТ өту барысына сәйкестендіріліген сынақ тапсырып көру болып табылады, онда жаттығу оқушының ҰБТ тапсырғанда ұпайын арттыруға көмектеседі. Тест тапсырмаларының типтік құрылымымен таныс оқушы нұсқаулықтармен танысуға уақытын кетірмейтін болады. Осындай жаттығу кезінде өзін өзі билеу, бақылау және психологиялық мінез-құлық қалыптасады. Бекітілген кестеге сай қыркүйек пен қаңтар айларының аралығында ауданның орта білім бер мктептерінің 11-сынып оқушылары үшін 6 жаттығу тесттері өткізілген. Қыркүйекте орташа балл 52 болса, желтоқсанда 68,1 болды. 2015-2016 оқу жылында барлығы аудандық 20 жаттығу тест өткізу жоспарланған.
-Оқушылардың білім сапасын анықтау үшін аудандық білім беру бөлімі биыл қандай әдістер мен жаңалықтар енгізді?
-ҰБТ-ға дайындық 10 сыныпта басталады. Қыркүйек айында әр мектепте 10-11 сынып оқушылары үшін бекітілген кесте бойынша жүктеме әдісі бойынша қосымша сабақтар өткізіледі,ол сабақтарда негізгі және орта мектеп, яғни 5-11 сынып бағдарламаларының оқу материалдары тақырыптарын қайталау мен бекіту өтеді. Мектептерде ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға дайындалудың қосымша сабақтарының кестесі жасалған. «Жетекке алуды» болдырмас үшін, білім беру бөлімінің бірыңғай жоспары негізінде 2012 жылдан бастап мектептерде ай сайын Ұлттық тест орталығының әдістемелік-оқулық тест жинағы бойынша мектепішілік тест өтіп тұрады. Сонымен бірге, ай сайын «Достық» білім беру орталығының тесттері бойынша сынақ өтеді және күн сайын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тест орталығымен бірлесіп жасаған интерактивтік 5+ компьютерлік бағдарлама-тренинг тесті бойынша сынақ алынады. Әр айдың 25-сі күні барлық сабақтардан сынақтама тапсыру өтіп, білім сапасы бойынша кіші педагогикалық кеңес өткізудің бірыңғай күні бекітілген, онда мектепішілік бақылау мәселелері талқыланып, жаттығу тесттерінің сараптамасы тыңдалады, келесі айға міндеттемелер қабылданады. 28 қазаннан бастап Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептердің негізінде «Алтын белгі» мен «Айрықша аттестат» үміткерлері мектебі» өткізілген. Бұл сабақтарды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, жоғары санатты мұғалім Раушан Мәдениетқызы Жақыпова, Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың математика кафедрасының бірінші санатты мұғалімі Айбек Қалибекұлы Бакишев жүргізді. Қысқы каникулда ҰБТ–ға дайындыққа деңгейлік курстардан өткен сертификат иегерлері мұғалімдер тартылды, олар сынаққа дайындықты 9 сыныптың барлық пәндері бойынша 7 модульдік әдісті қолдана отырып жүргізді, сонымен бірге, 11 сынып мұғалімдерінің жекелеген оқушыларға оқыту әдіс-тәсілдерінің озық түрлерін қарастыру үшін «Lesson study» тобының сертификатталған мұғалімдерінің жеке әдістемелері бойынша зерттеу-сабақтары өткізілген. Қаңтар айынан бастап оқушылар http://www.testcenter.kz/ru/ Ұлттық тест орталығының сайтында онлайн сынақ өтеді. Қазіргі күні online тесттің қанатқақты жобасының варианты іске қосылған. Тест тапсырмалары үлгілері енгізілген аталмыш қанатқақты вариант түлектердің өз білім деңгейлерін және олардың алдағы тестке дайындығын тексеруге, бағдарламалық қосымшаны сараптауға қолданылады. Алғашқы тексеру жұмыстарынан кейін бұл шара ақылы жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі білім деңгейін тест арқылы бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын қосымша қызметтерге арналған Прейскурант бекіткен бағаға сәйкес бір онлайн тест бағасы 260 теңге болып бекітілді. Сондай-ақ ШҚ «Дарын» ӨҒАО Д.Серікпаев атындағы ШҚТМУ-мен бірлесіп, 2016 жылдың қаңтарынан бастап, әр айдың 18-де оқушылар үшін бірқатар тегін онлайн-тестілеу өткізетін болады.
- Оқушылардың ата-аналарымен қандай жұмыс жүргізіліп отыр?
- Оқушылар мен ата-аналарға әр мектепте орналастырылған «ҰБТ-ға дайындық» қабырға газетіне алдыңғы тест қорытындысымен салыстырмалы түрде соңғы тест қорытындысы ілінеді. Барлық мектепте ай сайын ата-аналар жиналысы өтіп, онда ата-аналар ҰБТ тапсыру жолымен таныстырылады, сонымен бірге жаттығу тесттерінің қорытындылары жарияланып, ата-аналармен мектеп психологі жұмыс істейді.
- ҰБТ-ға даярлық барысында мектеп инспекторы мен психологтарына қандай міндет жүктеледі?
- Тесттік технологиялар түлектерден тек қана пәндер бойынша жоғарғы дайындықты талап етпейді, оған моральдық-физикалық тұрақтылық қасиеттері де қажет. Мұғалімдер емтихан барысында төмен баға алуды оқушының білімінің таяздығы деп түсіндіреді. Иә, жақсы білім табысқа жетелейді, бірақ сол білімді көрсете білу де қажет. Мазасыздық, қорқыныш пен алаңдаушылық емтихан тапсырушының ең басты жауы, кедергісі болып табылады. Өзіне деген сенімділік - өте күрделі нәрсе, оны ерте қалыптастырмаса, дәл емтихан тапсырар алдында келе қоюы екіталай. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, дамыту үшін мектептерде ата-аналар үшін де психологиялық тренингтер мен арнайы кеңестер өткізіліп тұрады. Бұл жерде психологтардың көмегі аса қажет.
- Болашақта мемлекеттік емтихан тапсыруға өзгерісенгізіле ме, ҰБТ тек қана жекелеген пәнді оқытумен шектелу көрсеткіші болып қалмай ма?
- 2016 жылдың түлектеріне ҰБТ бойынша ауқымды жаңалық пен өзгеріс болады деп алаңдауға негіз жоқ. БҒМ 2016 жылы мектеп бітіру емтихандарында тестілеуді эссе жазу сияқты және басқа да бөліктерге бөлуді жоспарлап отырған жоқ. Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына ұсынылған «Қазақстан Республикасының білім беруге қатысты заңнамалар мен заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында 2015-2016 жылдардағы ҰБТ өткізуге өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылмағанын атап өту керек. Ең басты жаңалық әкімшілік сипатта болуы мүмкін. Атап айтқанда, мемлекеттік комиссия құрамына бақылаушы міндетін атқаруға тәуелсіз тұлғаларды тарту жоспарлануда. Тест тапсырмаларын орындап жаттығу оқушыларға ҰБТ тапсыруда баллдарын көтеруге нақты мүмкіндік береді.
- Репетиторлық туралы не айтар едіңіз? Олардың қызмет ақысы қандай және қайда төленеді?
- ҰБТ-ға дайындалудың әдістерінің бірі репетитор жалдау болып табылады. Оның басты артықшылығы оқушымен дербес жұмыс істелуі. Ешбір мұғалім әр оқушыға жеке-жеке бар уақытын арнай алмайды, олардың осал тұстарын, кемшіліктерін байқамай қалуы мүмкін. Пән мұғалімдерінің барлығы бірдей ҰБТ–ға да-йындалуда репетиторлықпен айналысуы мүмкін емес, өйткені мектеп мұғалімдерінің жүктемелері өте ауқымды. Олар мектепте тегін қосымша сабақтарын өткізеді. Бізде тәжірибелері мол ардагер ұстаздар баршылық, солар репетиторлық ақылы қызмет көрсете алады, сабақ жүргізу уақыты мен ақысы жөнінде оқушының ата–анасы өздері келісім жасайды. Каникул кездерінде білім беру бөлімі жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерінен дәріс алуға кеңес береді. Өскемен қаласындағы Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы Даму орталығы, Семейде Шәкәрім атындағы СМУ мен Қазақ Мемлекеттік гуманитарлық инновациялық университеті жанындағы Репетиторлар мектебінен дәріс алуға болады. Олардың барлығы ақылы негізде өтеді. ҰБТ репетиторы болғаны – жоғары балл иеленудің кепілі деп санамау керек. Дайындық барысында түрлі әдістерді қолданған абзал, мысалы, әртүрлі жылдардағы электрондық және баспа материалдарын пайдалану, онлайн тестпен шұғылдану. Ал ең маңыздысы мектептердегі ҰБТ бойынша консультацияларды құр жібермеу болып табылады. Биылғы жылдың түлектері ҰБТ-ны сәтті тапсырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді деп үміттенеміз.
Сұхбаттасқан:
Қанат АПСАДЫҚОВА.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.