Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдағы әдетімен биылғы жылы да табиғат Көкпекті өңірін қалың қардың құрсауына алды. Жол қатынастары қиындап, жаяу жүргіншілердің де жүріп тұруына айтарлықтай әсер етті. Үскірік жел мен қалың қар ауданды да, даланы да әжептәуір әуреге салғаны жайлы газетіміздің алдыңғы сандарында тілге тиек еткенбіз. Осынау табиғаттың әсем шағында ауа тазарып, ал боранды күндері тіпті аяз да болмайды. Қыстың әдемі көріністері талай ақындардың әсем шығармаларына арқау болған. Алайда, ақтүтек бораны мен қалың қары барлығымызды әбігерге түсіргені белгілі.
Көкпекті ауданы аумағына биыл қардың қалыңдығы екі-үш есе түсіп, мешін жылының қысы ауданды қарға қарық қылды. Желтоқсанның ортасынан жауа бастаған қардың әлі де толастайтын түрі жоқ. Тұтастай алғанда еліміз бойынша қазақ даласында ақшұнақ аяз, қалың қарлы боранның соғуы табиғи заңды құбылыс. Әлсін–әлсін оңтүстік шығыстан соққан ызғарлы желмен жер бетіндегі тіршілік атаулының бетін қаратпай тұрған жаяу бұрқасын кәдімгі ақтүтек боранға ұласты. Ауа райының бұлайша күрт өзгеріп кетуіне үздіксіз жауған ақ ұлпа қардың да себепші болғаны анық.

Бұл аудан халқын, барша мекеме, кәсіпорын мен әлеуметтік нысандарды қатты әбігерге түсірді. Бәрінен бұрын ауданнан бөлек ауылдық округтерге қатынау қиындап, жол үзілді. Көмекке жіберілген мекеме кәсіпорындарының ауыр техникалары ауылдық округке қатынайтын орталық жолдарды қалың қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Қарбалас жұмыстар Көкпекті ауданында үздіксіз жүргізілді. Бірақ сақтансаң, сақтаймын дегендей әрбір адам, әр мекеме, қоғамдық ұйым мемлекеттің көмегі қашан келеді деп отырмай, топтасып, ұйымшылдықпен түсіністікпен қалың түскен қар мен үскірік аяздар да техникаға, көмек беріп, қол күшін біріктіргені көңілге қуаныш ұялатады. Аудандық төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қ.Әңкебаевтың берген ақпараты бойынша, «ҚалМұхЖом-Ахмет» (М.Хабидолданов), «Рустам» (К.Дюсембаев). «Талап» (Ж.Күшікбаев) «Елимай» (Б.Бекбердинов), «Жансары» (Е.Сагандыков), «Надежда» (С.Панов), «Мамбет» (Е.Мамбетов), «Нива» (И.Порохов), «Дюсупов» (Е.Дюсупов), «Теректы» (Қ.Садықов), «Злиха» (М.Кузембаева), «Самур» (З.Оспанов), «Өтей» (М.Ниазбаева), «Батраков» (В.Батраков), «Өрнек» (Е.Қойгелді), «Дархан» (Б.Рапеков) секілді шаруа қожалықтары іргелі мекемелерді қалың қар құрсауынан құтқаратын ауыр техникаларымен көмекке келген. Сол себепті ауданның басты-басты нысандары мен орталық көшелеріндегі қатынас жолдар тазаланды.
Соңғы жылдары, осы қыстың алғашқы қалың қарында, Көкпекті ауылында және жеке ауылдарда мұндай игі істер бастамасы жақсы жолға қойылған. Жол тазалау мекемесі мен төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің жұмысы жылдан-жылға жақсарып, жұмыс қарқыны артса, бұған көмек ретінде әр шаруа қожалығының көмегі көп септігін тигізді. Қар қалың түсті, техниканы қойғанда жаяу адам жүре алмайтын жағдайда болды. Адамдар біріксе алынбайтын қамал жоқ. Осындай жедел науқандық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, ауданымызда 6 қаңтар күні жаппай сенбілік жарияланған болатын. Аталмыш сенбілікке, аудандық аурухана ұжымы, Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептері, өрт сөндіру мекемесі, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі, аумақтық инспекция, өнер мектебі белсене қатысты. Бірақ, жақсы іске жайбарақат қарайтын мекемелер де аз емес, олар Аудандық Ішкі істер бөлімі, Қорғаныс бөлімі, Қазпошта мен Қазтелеком мекемелері сенбілікке жауапсыздықпен қараған. Ал, жеке тұрғын үйлердің тұрғындары қолдарына күрек алып, үй маңын, жүретін жолын, шатырларын қардан уақытында тазаласа, бүгінгі таңда орын алған келеңсіз жағдайлардың алдын алуы мүмкін еді. Қыстағы табиғат жиі құбылысымен ел есінде қалып келеді. Бір күнде бір айлық, бір айда бір қыстың қары түсіп қалатын кездер соңғы кезде жиілеуде. Табиғаттың айтып келмес апатына ешбір адамзат күші қарсы тұра алмайды. Көктемде қалың қардың еріген суы да айтып келмес апат төндіруі мүмкін. Мұны да алдын-ала ескеріп, дайындық шараларын жасап қойған дұрыс шығар. Бірақ осыған дейін де қарлы боранмен арпалысып ысылған, төтенше жағдайға бейім азаматтар бұл жолғы қиындықтан да аудан халқын аман алып шығар деген сенімдеміз.
Барлық азаматтарды төтенше жағдайлар қызметінің өтініштеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Өзіңізді және өз жақын-дарыңызды апаттан қорғау өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар! Әр тұрғын жауған қарды дер кезінде, әсіресе шатырларды қардан тазалап, қауіпсіздік ережесін сақтаулары тиіс. Қыс енді ғана басталды, алда әлі жауатын қаншама қардың бары белгісіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз