Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл соңында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ошақтарында түрлі семинарлар өткізу дәстүрге айналған. Биыл жас мұғалімдер үшін өткен семинар Самар ауылындағы мектептер мен балабақшада өтті. Оған Көкпекті ауданының барлық мектеп-терінен жас мұғалімдер мен тәрбиешілер қатысты.
Бұл семинардың мақсаты - жас мұғалімдерге сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды түрлі әдістермен ұйымдастыруды үйрету, жас педагогтардың, тәрбиешілердің кәсіби шебер-ліктерін арттыру, шығармашылық ізденістерін жетілдіріп, оны қолдана білуге баулу болып табылады.
Түрлі сабақтар мен тренингтер барысында жас-тар ойын түріндегі сабақтар, сыныптан тыс жұмыс, негізгі пәндерден өткен сабақтарға қатысты. Мәселен, №1 Самар орта мектебінде ағылшын тілі (8 сынып, А.Ахмадиева), орыс тілі (10 сынып, А.Аманова) және 9 сыныпта С.Рақышева мен Л.Мұқашева жүргізген интеллектуалдық сабаққа қатысты.


Сонымен бірге, тәжірибелі мұғалімдер Н.Қапшықова химиядан, географиядан, А.Рахимова биологиядан ашық сабақтар өткізді. Спорт залында АӘД мұғалімі В.Дорожко 10 сыныпта «Тәуліктік кезекшілік», 6-7 сыныптарда «Күштілер, ептілер, батылдар», дене шынықтыру мұғалімі В.Фабер «Айналымдық жаттығу» сабақтарын тамашалаған пән мұғалімдері талай нәрсені көңілдеріне түйіп қайтты.
Ал «Дәншік» балабақшасында тәрбиешілер Р.Қапашева, Х.Бокина, Е.Меткенова, жас мамандар үшін ашық сабақтар өткізсе, Г.Қожагелдинова, А.Подскребко, С.Құсайынова, А.Құнанова, А.Бекмұрат Тәуелсіздік күніне ар-налған ертеңгілік ұйымдастырды. Тәрбиеші жи-налған назарына тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қолынан шыққан «Туған жерім - Қазақстан» атты тақырыптағы көрме бұйымдарын ұсынды. Әдіскер К.Дүсіпова мен психолог Қ.Бақырбаеваның дайындаған тренингтері мен ше-ерлік сағаттары барлығына өте қызықты болды.
Мұндай ашық сабақтар мен тәрбиелік мәні бар шаралар Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте де болды. Барлық өтілген сабақтар бойынша қорытынды шығарылып, қатысушыларға әдістемелік нұсқаулар берілді. Семинарға қатысушылар үшін әдістемелік кітаптар, мұғалімдердің авторлық сабақтарының кітапшалары мен оқушылардың қолөнер бұйымдарынан көрмелер ұйымдастырылды. Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте семинар соңы салтанатты жиналыс пен концертке ұласты.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз