Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Тарих - біздің халқымыздың сақ пен түркінің, Қазақ хандығының дәуірінде, Ұлы Отан соғысы кезінде көрініс тапқан ұлы күресінің куәсі. Бұл біздің өткеніміз және тағдырымыз. Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат - Тәуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты әрі маңызды мереке болып саналады. Өйткені, тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік - кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Кең байтақ Ұлы Дала елі 16 жел-тоқсанда ең басты ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтті. Азаттықтың ақ таңының атқанына тура 24 жыл. Егемендіктің арқасында қазақ елінің үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін күллі әлем мойындады. Ел егемендігін бағалай білу - баршамыздың міндетіміз, - дейді мерекелік шараға жиылған көкпектіліктер.
Сан ғасыр арман болған азат күнге қазақ халқы осыдан 24 жыл бұрын қол жеткізді. Еліміз осы аралықта қарыстап емес, қарыштап дамып келеді. Сондықтан, көкпектіліктер мәдениет үйінде егемендік алғаннан бергі ел тарихын жан-жақты, түрлі көріністермен бейнелеуге тырысты. Жалпы, Көкпекті топырағы - сан ұлттың басын бір шаңырақ астына біріктірген қасиетті өңір. Мұнда қазір жиырмадан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қасиетті де қастерлі мерекені Көкпекті ауданы зор өрлеу үстінде, ырыс-ынтымағымен, береке-бірлігімен қарсы алып, жоғарғы деңгейде атап өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған басты шара – «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас-тар форумы ауданда өткізілген мерекелік істердің темірқазығына айналды. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өңіріміздің белсенді, отансүйгіш, іскер әрі білімді жастары бас қосты. Олардың әрбірі қажырлы еңбегімен, игілікті істерімен, жарқын жетістіктерімен ел болашағы өз қолдарында екенін көрсетуде.
Форумға жиналған жас буынды аудан әкімінің орынбасары Клара Смаилова құттықтап, Ұлы даладағы Мәңгілік елдің лайықты ұл-қыздары болуға шақырды. - 24 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамта-масыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат - республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді. Бүгінгі Қазақстан - бұл кемелденген, қуатты мемлекет! Қымбатты жерлестер! Отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін. Егемен еліміздің көк байрағы мәңгілік биікте желбіреп, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройы мен атақ-даңқы өрлей берсін! - деді Клара Рафикқызы, ақжолтай тілегін жеткізе отырып.
Өз сөзінде сонымен бірге, аудан әкімінің орынбасары, елімізде, қала берді өңірімізде жастар саясатына көп көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Қазіргі кезде мемлекеттік «Жасыл ел», «Жас-тар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалы сәтті жүзеге асырылуда. Өңірімізде жастар үшін, жастардың жұмыстарын жетілдіру үшін барлық жағдай жасалуда.


Қазіргі кезде Толағай баурайында өз ісін бастаған жас кәсіпкер де, көк туымызды түрлі жарыстарда көтеріп жүрген жас спортшылар да, дарынымен көпті тәнті еткен өнерпаздар да жеткілікті. Осындай қоғамдық-саяси өмірде біте қайнасып жүрген 5 жас түрлі аталым бойынша марапатталды. Ауданымыздың «Үздік жас спортшысы» атанған Жақсылық Қуандық болашағынан зор үміт күттірер балғын балуан. Сан қырлы өнерімен де танылып жүрген Берік Байгереевтің «Үздік жас ұстаз» атағына әбден лайық екеніне ешкімнің таласы жоқ. Жыр әлеміне қадам басқан дарынды жас ақын, жалынды өлеңімен көзге түсіп келе жатқан Айдын Тоқсанов «Үздік жас өнерпаз» болып танылды. Соңғы жылдары ауданда кең ауқымды істер тындырған «Жасыл ел» жасағының жұмысы да назардан тыс қалмады. «Үздік жасыл ел жасағының сарбазы» номинациясы бойынша Әсел Аманғазина марапатқа ие болды. Ал қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін белсенді Анель Ибраимова «Үздік жас көшбасшы» номинациясында жеңімпаз аталды.
Олардың барлықтары да арнайы құрмет грамоталары мен сыйлықтар алды. Аталмыш форумға жиналған жастардың көздерінен жақсылыққа, жаңашылдыққа деген ұмтылысты көру қиын емес. Олардың әрбірі, ел патриоты болуға, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуға атсалысуға әзір екендіктерін байқауға болады. Зайырлы, демократиялы еліміздің көк туын желбіретіп, талай белестерді бағындыратын да осы залға жиналған жастар. Олар Елбасының сындарлы саясатын ұстанып, өздеріне берілген мүмкіндікті мүлт жібермей пайдалануға әзір. Мемлекеттің қолдауының арқасында, тынбай еңбек етіп, соңдарынан абзал іс қалдыруға дайын.
Бейбітшілік бесігінде тербеліп, азат-тықтың ақ таңына куә болу - үлкен бақыт. Форум аясында сөйлеген ілкі буын өкілдері алғашқы сөзді осылай деп жұптады. «Тәуелсіздік туын берік қолға беру, жас ұрпақ бойына рухани ізгіліктер дәнін егу - біздің парыз», - деп біледі ауданның бас имамы Кенжебек Ахметқалиев.
Тәуелсіздік шежіресіндегі айтулы оқи-ғалар, тарихи тұлғалар да ұмыт қалған жоқ. Көпшілік көңілін «Алаш арыстары» деп аталатын тарихи тағылымды қойылым ерекше толқытты. Ұлт болашағы - жастарға ұран болар сөздер айтылып, жылдың қорытынды баяндамасы жасалды. Асқақ рухты патриоттық әндер шырқалды. Форум барысында жастардың ең өзекті мәселелеріне назар аударылды. Нақты жастар жобаларын жүзеге асыру, жоғары білімді түлектерді жұмыспен және үймен қамту - күн тәртібіндегі іс.
Міне, Тәуелсіз ел болғалы 24 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде егемен еліміз талай-талай биік шыңдарды бағындырып келеді. Алар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі алда, әрине. Бірақ, осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатқан әр қазақстандық бақытты. «Тәуелсіздік» деген сөздің өзі бізге азат, еркін екенімізді сездіреді. Қаншама қиын күндерді, зұлмат заманды артқа тастап, бостандыққа жеттік. Ұлттық тіліміз, дініміз, діліміз, рәміздеріміз арқылы азаттығымыз айқындалады. Осындай бейбіт күнді бағалап, еліміздің дамуына үлес қосу бәріміздің де бойымыздағы борышымыз. Тәңірдің берген тәтті сыйы - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмырлы болсын!

Дархан БЕРДІБЕК

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз