Өткен аптада Самар өңірін аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова жетекшілік ететін ақпараттық-наси-хаттық топ аралады. Осындай кездесу Самар ауылдық округінде де өтті. Бұл топтың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, ре-формалар, даму» Жолдауын халыққа түсіндіру болды.
Өз сөзінде Клара Рафикқызы еліміздің дағдарысқа қарсы тұра алатындай қабілетін арттыруға бағытталған маңызды құжаттың негізгі тармақтарына тоқталып өтті. Топ басшысы Жолдаудағы Елбасының мына сөзін келтіре кетті: «Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Ал-ғашқы онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды.
Біз Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысы біз үшін қолайлы бола алды ма?». Бұл сөздер біздің алға басқан қадамымыздың нық әрі сенімді, қабылдаған шешімдеріміз бен қабылдаған міндеттеріміздің зор және дұрыс екенін тағы да дәлелдей түседі. Алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың бастамасы «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 5 институционалдық реформаны қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі күні оны жүзеге асыруға қажетті бірқатар заң жобалары жасалып, бірқатары қабылданып та үлгерді. Елбасы атап айтқандай, оған 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 80 заң кіреді.Экономиканы табысты дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлікке бөгет болатын әкімшілік кедергілерді жою керек, мемлекеттік басқару жетілдіріледі, білім беру мен денсаулық қорғау саласында да өзгерістер қарастырылады. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттің қоғам мен экономиканың тұрақтылығын нығайта түседі.
Жолдаудың дағдарысқа қарсы бағыт-талған және құрылымдық жаңарулардың бес бағытында әлеуметтік саясат айрықша аталған, онда әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа шаралары аталады. Осы жайында айта келе, Клара Рафикқызы Президенттің : «Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеу-меттік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы!
Бүгінде тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті», - деген сөзін мысалға келтірді. - Бұл әркім өз жұмыс орнында міндетін жауапты атқаруы тиіс екенін білдіреді. Біз сонда ғана дағдарысты түбегейлі жеңе аламыз ,- деді Клара Рафикқызы.
Кездесуді қорыта келе, аудан әкімінің орынбасары қатысушыларды алда келе жатқан мерекелермен құттықтап, жаңа табыстар тіледі.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.