Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Нұртас Исенов, Самар аграрлық-техникалық колледж директоры:

-Жолдауда атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша көшбасшы елге айналуы шарт. Екіншіден, бұл Жолдауда адами капиталдың дамуына өте үлкен мән берілді. Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша көшбасшы атануы тиіс. Бұл орайда біздің колледждің бүгінгі атқарып отырған жұмысы Жолдау талаптарына толық сай келеді деп айта кетуге болады. Жарты ғасырдан астам уақытта оқу орны мыңдаған ауыл еңбеккерін оқытып тәрбиелеп шығарды. Ауыл шаруашылығында еңбек еткен біздің түлектеріміздің қазір балалары мен немерелері әке, ата жолын қуып, тракторист-машинист, жүргізуші мамандықтарын игеруде. Соңғы жылдары халық шаруашылығына қажетті қосымша мамандықтар қосылып, техникалық колледж статусын алдық.
Жолдауда Президент жастарға қарата: «Жұмысшы мамандықтарын игеру керек. Мектеп бітірген соң біреулері колледжге, университетке түседі, біреулері армия қатарына аттанады. Дегенмен, олардың отыз пайызы қалады. Олар мамандық алулары керек. Бұл жерде мен өзімнің де бір кездері жұмысшы киімін киіп, домна пештерінде еңбек еткенімді еске сала кеткен артық болмайды деп ойлаймын», - деді.
Ел Президенті өз Жолдауында жұмысшы мамандығын игеру мәселелеріне қатысты баяндай келе, жастар үшін жасқанбаудың маңызды екенін ескертті. Президенттің айтуынша, айналаның бәрінде де жұмысшының «алтын қолынан» шыққан дүниелер, мысалдар толып жатыр. Бұл ретте Н.Назарбаев еңбек адамы қашанда елеулі болуы тиістігін, сол үшін арнайы награда бекітілгенін айтты. Сондықтан да біздің шәкірттеріміз мамандық таңдауда адасқан жоқ, ал біз олардан ел игілігіне еңбек сіңіретін азаматтар тәрбиелеп шығаруға күш саламыз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз