Көкпекті ауданында Президенттің кезекті Жолдауын мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, дәрігерлер, педагогтар, еңбек ұжымдары, әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер көңіл қоя тыңдады. Әлемдік дағдарыс кезеңінде Ұлт Көшбасшысының аузынан Қазақстан стратегиясын өз құлақтарымен тыңдау олардың әрқайсысы үшін аса маңызды.
Елбасы Жолдауын мұқият тыңдаған әр сала өкілдері өз ойларын ортаға салды:
Гүлбаран Ақшабаева, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
-Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын жариялады. Елбасы партия төрағасы партия дағдарысқа қарсы құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етумен қатар, түсіндіру жұмыстарына атсалысатын басты күш екендігін атап өтті. Сондықтан аудан көлеміндегі 13 бастауыш партия ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын лайықты жүргізуге әрбір партия мүшесі белсенділік танытатын болады. Сондай-ақ, Елбасы биылғы Жолдаудың орындалуына барлық қазақстандықтарды белсенді түрде қатысуға шақырды.
Слямбек Мұқашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Елбасымыздың биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді.
«Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды» деген Президентіміздің сөзінің ақиқатын халық мем-лекетіміздегі өркенді өзгерістер арқылы көріп, сезіп отыр. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы жылма-жыл жақсара түсуде. Өткен жылғы Жолдауында Елбасы әлемді дағдарыс қоршап жатқанда дағдарыстан жаңару мен дамуға жол таба білсе, биылғы Жолдауында тығырыққа тірелмеуде, ең біріншіден, өнеркәсіпті индустрияландыруды дамытуға бағыт-бағдар берді. Ол үшін экономиканы дамыту, капиталды қорландыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, халықаралық қарым-қатынас және ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты берік ұстауға көңіл бөлді.
Сондай-ақ, Елбасымыз ауыл шаруашылығы саласына да баса назар аударды. Агроөнеркәсіп кешенін үш бағытта дамыту керектігін қадап айтты. Яғни, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін кемінде екі есеге көтеруді міндеттеді. Бұл тұрғыда өзгелердің мол тәжірибесін қолдану қажет екенін ескертті. Бұған қоса ішкі нарықтағы азық-түліктің 80 пайызы отандық өнім болу керек. Жалпы, Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауы біздің келешек күндерімізге деген шынайы сенімімізді орнықтыра түсті.
Елена Сихварт, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Барлығымыз асыға күткен Елбасының кезекті Жолдауы әрқайсымыз үшін өте маңызды. Әлемде орын алып отырған жағдай жеңіл емес, әлемдік экономика құлдырап, қиындықты алыс-жақын шет елдегілер бірдей көріп отыр. Мұның барлығы біздің елімізге де әсер етпей қалған жоқ. Соған қарамастан ел экономикасы қиындыққа төтеп бере алып, аз ғана болса да пайдамен шешілді. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы бүкіл елдің, қоғамның дамуына жаңа серпін бере отырып, экономиканы дамытып, жаңартуға ықпал етуге бағытталған. Еліміздің әл-ауқатын арттыру мәселесі Жолдауда ең басты мақсат болып қалып отыр. Президент Н.Назарбаев Қазақстанды алға қарай бастайтын қадамдарды ұсынып, айқындады. Қазақстанға даму, өрлеу, жаңару керек деп атап өтті Елбасы. «Алдағы күнге қойып отырған реформалар сонау 90-шы жылдардағымен пара-пар. Осындай жа-уапты кезеңді біз бірлігімізді сақтай отырып, ел мүддесі үшін тер төгіп, «бәрі - бірі үшін, бірі - барлығы үшін» деген қағиданы ұстануға тиіспіз», - деді ел Президенті.
Есенбек Мәмбетов, «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы:
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау толықтай дағдарыс жағдайында өмір сүру жоспарынан құралады. Елбасы өзінің сөзін «Біздің халқымыз ешқашан да дәл қазіргідей жақсы өмір сүріп көрген жоқ», - деп бастады. Біз әлемнің тез құбылып өзгеретін шағында-ақ талай жетістікке жеттік. Бүгінгі күні Қазақстанның экономикасына әлемдік нарық бағасының құлдырауы кері ықпалын тигізіп отыр», - деп атап өтті Президент.
Бұл жолғы Жолдау дағдарысқа тойтарыс берудің жеті қадамынан тұрады. Жолдауда ауылға инвестиция тарту, жекешелендіру, салық мәселелері де кеңінен қамтылды. Әсіресе, субсидиялау туралы айтылған мәселе көңілге қонымды болды. Ауылшаруашылығында жерді пайдалану, нан бағасы туралы да жеткілікті айтылды деп ойлаймын.
Кәсіпкерлерге жан-жақты даму үшін қаншама қолдау жасалды. Енді, осындай қысылтаяң шақта кәсіпкер мемлекетке көмекке келсін деген пікірмен келісу керек. Сонымен бірге, Елбасының тегін кәсіптік білім алу туралы ойы көңілге қонымды. Қарапайым шаруа мен жұмысшының еңбегін бағалай отырып, біз талай жетістікке қол жеткіземіз. Ол дұрыс, егінді егіп, оны оратын, диірменге тартатын, нанды пісіретін, дүкенге жеткізетін, сататын қарапайым адамдар, біз солардың еңбегін бағалай білуіміз керек.
Дағдарыс жағдайында әлеуметтік мәселеге де көңіл аударылмай қалған жоқ. Әсіресе, еңбекақы мен әлеуметтік төлемдердің көтерілуі қуантады. Олардың еңбекақысы өсті екен деп, кәсіпкерлердің қымбатшылық қыспағын одан әрі тарылта бермегені дұрыс деп ойлаймын.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.