Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлы-ғымен жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы қызмет-керлерінің күні болып бекітілді. Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды саласының бірі болып табылатындықтан бұл салаға Елбасымыздың өзі ерекше көңіл бөліп келеді.

Табиғаты көркем, төсінде төрт түлік малы масайраған киелі Көкпекті өңірі ауыл шаруашылығына жайлы аймақ. Сондықтан да мұнда қысы-жазы ауыл шаруасының қызу тірлігі қайнап жатады. Кәсіби мереке қарсаңында біз Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Қапарұлы Теміржановпен ауданның ауылшаруашылық саласының бүгінгі жай-күйі төңірегінде әңгімелескен едік.
— Марат Қапарұлы, биылғы жыл ауыл еңбеккерлері үшін табысты жыл болды ма?
- 2015 жылда барлығы 130,0 мың гектар егін егіліп, жиналды, оның 78,4 мың гектары дәнді дақылдар, 54,5 мың гектары майлы дақылдар, 829 гектары күздік, 540 гектары картоп, 212 гектары көкөніс, 0,3 гектары бау-бақша жемістері. Дәнді дақылдардың орташа түсімділігі гектарына 13,2 центнер, ал майлы дақылдардікі гектарына 11,8 центнерді құрады. Ағымдағы жылы 14,0 мың гектардың екпе шөптері шабылып, оның орташа шығымдылығы гектарына 20 центнер, 1000 гектар сүрлемдік жүгерінің түсімі 60 центнерден, күнбағыс сүрлемінің орташа шығымдылығы 5,0 мың гектардан 48 центнерден алынды.


Биылғы жылдың жиын-терін жұмыстарына 2800 тонна жанар-жағармай бөлініп, 100 % қамтамасыз етілді. Егіс жинау жұмыстарына 216 бірлік комбайн қатысты, бұл 90% құрайды. Дәнді тасуға 112 автокөлік және 30 бірлік трактор қатыстырылды. Ауданда 2 қойма бар, оған дәнді дақылдардың 30 % қабылданып, сақталуда.
2016 жылға қоймаларға 13500 тонна тұқым толық салынды, ал жоспар бойынша 12600 тонна, орындалуы 107%. Келесі жылға арналған 1-2 класқа жеткізілген барлық тұқым тазаланып сақталған. Жоғары репродукциялы тұқым 70 % құрайды.
- Рахмет, енді қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды қаншалықты орындап жатырсыздар?
- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Көкпекті ауданында 2015 жылдың 6 қарашасына 5 қарыз алушыларға несие берілді, сомасы 58 340 000 теңгені құрайды. Ет өндіру бағыты бойынша 318 бас ірі қара аналық мал алынды, жоспар бойынша 500 бас, орындалғаны 64%. Асыл тұқымды ұрықтандыру мақсатында 9 бас бұқа алынды, жоспар бойынша 17 бас, орындалғаны 53 пайыз. Ал, «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша ауданда 2015 жылдың 6 қазанына екі қарыз алушыларға несие берілді, сомасы 41 225 000 теңгені құрайды. 1261 бас етті және етті-майлы қойлар сатып алынды, жоспар бойынша 2200 бас, орындалғаны 58 пайыз. 40 бас асыл тұқымды қошқар алынды, жоспар бойынша 44 бас, орындалғаны 91 пайыз. «Құлан» бағдарламасы бойынша ауданда 2015 жылдың 6 қаарашасына 5 қарыз алушыларға несие берілді, сомасы 144 070 000 теңгені құрайды. Етті және етті-сүтті бағытындағы 49 биелер сатып алынды, жоспардағы 120 биеден 4 есе асты. 32 бас асыл тұқымды айғыр алынды, жоспар бойынша 8 бас, жоспардан 4 есе артық.
- Көкпекті ауданы бойынша тұрақтандыру қорына байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?
- Биыл облыс әкімі Даниял Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасымен, азық-түлік баға-сын бірқалыпты ұстау үшін тұрақтандыру қоры құрылды. Қазіргі таңда, Көкпекті ауданында уақытша тұрақтандыру қорында 18 шаруа қожа-лықтарымен меморандум жасалған, оның 11 ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер, ал 7 көкөніс өсіретіндер.
Ауданда дәнді және тұқымдық дақылдарды сақтауға арналған 56 қойма, 11 көкөніс сақтайтын орындар бар. Барлық қоймалар талапқа сай таза, желдеткіш жүйесі іске қосылған.
- Әріптестеріңізге мерекелік жылы лебізіңізді білдірсеңіз?
- Елбасымыз Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын, әсiресе, ауыл шаруашылығы өнiмiне өсiп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет», — деп атап айтқан болатын.
Қымбатты әріптестерім, сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуына ғана емес, елдің ырыс-ынтымағының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отыра, шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, ашық аспан, қиындығы мол еңбектеріңізге табыс тiлеймiн.
-Сұхбатыңызға, рахмет!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз