Елбасының «100 нақты қадам» бағдар-ламасы ел-жұртты тың белес, асқаралы асуларға жігерлендіріп отыр. Қазір ол өмі-рімізге нық қадам басты. Мемлекетімізді гүлдендіруде, елімізді жасампаз елге айналдыруда бұл бағдарламаның орны бөлек екенін айтып, халқымыз зор баға беріп отыр. Осы бағдарламада ауылға да үлкен мән берілгенін байқаймыз. 98-қадамда айтылған, көтерілген, нақты қойылған мәселе тікелей ауылға арналған. Сол қаймағы бұзылмаған қалың елдің ортасында жүрген Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Назарханов Нұрлан Үмітқазыұлы Елбасы тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде ой бөліскен еді.
- Елбасымыз жаһандық дағдарыс жағдайында тарихтың талай сынын бастан кешірген Қазақстан халқының алдында тұрған басты бағыттарды көрегендікпен белгілеп берді. Еліміздің тағы бір кезеңнен сүрінбей, қиналмай өтуі үшін ортақ мақсат жолында бәріміз бірдей жұмыла білуіміз керек, - дейді Нұрлан Үмітқазыұлы. Елбасы тапсырмаларының сәтімен орындалып жатқанына Үлкенбөкен ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы толық дәлел бола алады.
- Ауыл - мемлекетіміздің іргетасы іспеттес. Әрбір азамат ауылын көтеруге, оның шаңырағының биік болуына үлес қосуға міндетті. Сонда ғана ауыл өмірі көңілді, ондағы әрбір отбасы да нұрлана түспек. Округтің басты құндылығы - оның халқы мен әл-ауқат, тұрмысы десем, артық айтқандық болмас. Үлкенбөкеннен бөлек Ақтас және Жансары ауылдары қарайтын округтегі 3 елді мекендегі 480 аулада 1786 адам алаңсыз еңбек етіп, маңдай терімен адал жұмыс істеп, туған жердің түлеуіне толайым табысымен үлес қосуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша биыл 3 адам бағдарламаға қатысушы ретінде енгізілді. Барлығы округте аталмыш бағдарлама бойынша жеңілдікпен несие алып, өз кәсібін 20 тұрғын дөңгелетіп отыр. Сүт тасушы көлік пен сүт бағытындағы сауын сиыр сатып алуға бөлінген мемлекеттік қаражат игілігін алдағы уақытта молынан көрерімізге сенім де зор. Ол азаматтардың еңбекқорлығы мен табыстың көзін таба білетін біліктілігі осындай сенім білдіруге негіз.
Аудан экономикасының негізгі көзі ауыл шаруашылығы болғандықтан, бұл салаға ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы егін орағы сәтті аяқталды деуге әбден болады. Диқандар дәнді дақылдан 9-10 центнерден өнім алды. Кенжетай Қощанов, Төлепберді Қощанов, Қайрат Байболдин, Қайрат Тұрықпаев, Ербол Сағандықов сынды шаруа қожалық басшыларының үлкен тәжірибесінің арқасында қысқы мал азығы, жем-шөп қоры молынан қамтылды. Тіпті, ауыл азаматы Кенжетай Қощанов қысқы уақытта жекеменшік техникасымен ауыл көшелерін қардан тазалауды өз мойнына алып отыр. Біздің округтің ерекшелігі де осындай елжанды, қолы ашық жомарт азаматтарында.
Үлкенбөкендіктер биыл қолға алған тағы бір үлкен шаруа – күзгі жәрмеңкелер. Іргелі округтің үлгілі ісіне талайлар тамсанғандай. Ұйымшылдықпен өткізілетін жұма күнгі жәрмең-кеге көрші ауылдың тұрғындары да келу үрдісі байқалады. Қойнауы құт Үлкенбөкен жерінің барлық байлығы осында. Бау-бақша, көкөніс, ет өнімдері сөрелерде көз тартады.
Бағаның өсуіне жол бермеудің ең тиімді амалы. Бұл тың бастама болғанымен жаңалық деп айта алмаймыз. Ежелден қалыптасқан дәстүрді жаңғырту дегенге саяды. Әр жұма сайын округтегі шаруа қожалықтары тұрғындарға өнімдерін делдалсыз ұсынуда. Кейде, қажетті тауарды қаладан жеткізуге де ықпал етіледі. Халыққа тиімді бағамен саудаланатын тауар өтімділігімен де ұтымды болып тұр.
Үлкенбөкен - аудандағы іргелі округтердің бірі. Ауыл тұрғындары жаңаша өмір сүрудің үлгісін көрсетіп, тұрмыста тарықпай отыр десек, қателеспеспіз. Олар тек күйкі тірлікті ғана ойлап қоймай, өмірдің қай саласында да биіктен көрінуді мақсат етеді.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.