Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Биылғы жылдың 8 қазанында Қазақстанның Мемлекеттік статистика жүйесінің құрылғанына 95 жыл толады. Біздің Көкпекті ауданының статистика басқар-масында да осы атаулы күнді мерекелеуді жыл сайын дәстүрге айналдырған. Статистика деген тұнып тұрған есептер дерегі. Он-да жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін елемеу мүмкін емес.

Кәсіби мереке қарсаңында, біз Көкпекті ауданының статис-тика басқармасын 2006 жылдан басқарып келе жатқан басшы Гүлғана Құжатқызы Беспаеваға жолығып, басқармадағы сан қырлы жұмыстар жайлы әңгімелестік.


- Алдымен, «Статистика» ұғымына тоқ-талып өтсеңіз
-Статистика – жаппай қоғамдық құбылыс-тардың сандық жағын олардың сапалық жағы-мен ажырамас байланыста зерттейтін ғылым. Ол, философияның саяси экономияның, мате-матиканың және де басқа ғылым қағидаттары мен санаттарына, яғни заңдарына сүйеніп, білетін заңдылықтарды түсіндіре отырып, қоғамдық құбылыстар мен үрдістердің сандық өзгерістерін анықтайды және талдайды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласы қашан қалыптасқан?
- Қазақстанның мемлекеттік статистикалық жүйесінің құрылу күні 1920 жылғы 8 қараша деп санау қабылданды. 1992 жылғы қаңтарда республиканың Жоғары Кеңесімен Қазақстан тарихында бірінші рет «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы заң» қабылданды. Заң республиканың статистика саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми әдіснама негізінде статистикалық ақпараттық жүйесін құруға, оның қызмет етуіне және жетілдіруге статистикалық ақпараттың бағытталғанын анықтады. Заңмен ал-ғаш рет, мемлекеттік ел үшін бастапқы есеп пен статистика жүйесін құ-райтын оның бірыңғай басқаруды жүзеге асы-ратындығы мемлекетпен анықталған көлемде жә-не бекітілген мерзімде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық заңды, сонымен қатар жеке тұлғалармен бастапқы статистикалық ақпараттарды ұсыну анықталды. Мемлекет-тік статистика жүйесі республиканың жалпы-мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құраушы бөлігі болып жарияланды.
1992-1993 жылдары ел экономикасының жоспарлы-үй-лестіруші әдістерден нарықтық әдістерге көшуге қажеттілігінен туындаған алғашқы шараларды ұйымдастырып және жүзеге асырады. Осы уақыттан бастап, статистика саласын дамыту бойынша жаңа статистикалық көрсеткіштерді игеруіне және дамуына байланысты жүйелі жұмыстарды жүргізуді бастады.
- Көкпекті аудандық статис-тика басқармасындағы еңбек етіп жүрген қызметкерлер туралы да айтып өтсеңіз.
- Біздің басқармада барлығы 4 адам қызмет етеді, оның екеуі мемлекеттік қызметкер, ал екеуі бас мамандар. Сонымен қатар, ұжымда 17 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан білікті маман, А.Митрофанованы айтып өткім келеді. Осы ерен еңбегінің куәсі оның мадақтама қағаздары. Басқармада жауапкершілігі мол, жұмысқа өте ұқыпты қызметкерлер жас маман С.Кұнапиянова мен Шәкен Айтуарды атауға болады. Біз басқармаға көп жылдар бойы еңбек еткен А.Оразаев, В.Кузьминых сынды зейнеткерлерімізді ешқашан ұмытпай, олардың ақыл-кеңестерін алып отырамыз.
- Мереке қарсаңында әріптестеріңізге жылы лебізіңізді білдірсеңіз.
- Қазақстанның Мемлекеттік статистикасы ұйымдастырылуының 95 жылдығы қарсаңында барлық деңгейдегі статистиктерді кәсіби мере кемізбен құттықтаймын! Зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақыт, табыс және көздеген мақсаттарына жетулеріне тілектеспін!
- Сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет, кәсіби мереке баршаңызға құтты болсын!

Сұхбаттасқан Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз