Қазан айының 27 жұлдызында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті орта мектебінде Рухани келісім күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының Алматы қаласындағы «Бәйкен ата» мешітінің наиб имамы Қ.Жұмабеков, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Д.Тулувхан және Дін мәселелерін зерттеу орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің маманы М.Еспаевпен кездесу өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, Көкпекті ауданының ауыл имамдары, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты, елдімекен тұрғындарының дін саласындағы түсініктерін одан әрі дамыту, ақпараттандыру болып табылады.
Кездесу барысында асыл дініміз - халықты ұйыстырушы, бірлікке шақырушы күш. Бірақ, соның өзінде теріс жолға бағыт сілтеп жіберетін діни ағымдар бар екенін де жасыруға болмайды. Олар рухани келісімді нығайтуға емес, керісінше бірлікті бұзуға, берекені қашыруға қызмет ететіні де шындық. Ондай жат пиғылдағы ағымдармен күрес жүргізуде күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі екендігі тілге тиек етілді.
Халықаралық рухани келісім күнін толе-ранттылықты жөн көретін кеңпейілді қазақ елі ұйымшылдықпен атап өте отырып, халықтар бірлігін одан әрін нығайта түсетініне сенім мол. Маңызды кездесу келесі күні Тассай ауылында жалғасын тапты.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.