Аудандық жастар орталығы өзі құрылғалы бері көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып келеді. Жастар қай кезде де жаңа бастамалар мен тың ойлардың иелері. Оған дәл осынау көңілді кештен соң көзіміз анық жеткендей болды. Анығына тоқталсақ, ағымдағы жылдың 17 қазанында аудандық мәдениет үйінде Көкпекті жастар орталығының ұйымдастыруымен «Мен Қазақстан елінің патриотымын атты» флеш-моб болып өтті.
Негізгі қатысушылары мектеп оқушылары, ауыл жастары болған бұл сайысқа Шұғылбай, Құлынжон, Биғаш, Тассай, Көкпекті, Үлкенбөкен, Преоброженка, Толағай ауылдарынан келді.
Жалындап тұрған жастарды бөле жарып баға беру қазылар алқасына да айтарлықтай қиындық туғызды. Десе де, жарыс жеңімпазсыз болмайды, бұл көңілді өткен флеш-мобтың өз жүйрігі, өз даралары анықталды. Қырағы көз қазылардың шешімімен жүлделі І орынды Көкпекті орта мектеп оқушыларының «Бәйтерек» тобы иеленсе, ІІ орынды Тассай ауылының «Алмас қылыш» тобы, ал ІІІ орынды Биғаштың «Мәңгілік ел» тобы қанжығалады. Бас жүлдені атына заты сай болған, Шәріптоғай ауылдық округінен келген «Арлан» тобы еншіледі.
Келген көрермен қауым жастарды пат-риоттыққа, отансүйгіштікке шақырудың бір ұштығы осында жатқанын түйсініп, көңілдері марқайып тарасты.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.