Сіздерді рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - біздің елімізде тұрып жатқан және Қазақстанның біртұтас халқы болып табылатын барлық ұлт өкілдерінің ұстамдылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық татулығын қамтамасыз етуге бағытталған басты мерекелеріміздің бірі. «Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы», - деп атап көрсеткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бұл күнді еліміздегі діни тұрақтылықтың бір нышаны ретінде ұлықтауы тектен тек емес. Елімізде тұрып жатқан Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие.
Түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруге жағдай жасап, осылайша ұлтаралық, дінаралық қатынастардың сақталуына жол ашып отырған біздің мемлекетіміз әлемнің кез-келген еліне үлгі бола алады.Бұл көрініс біздің көпұлтты ауданымызда да орын алған. Біз жақында ғана аудандық Келісім үйін аштық. Бұл біздің ауданның жұртшылығының бірлігін одан әрі нығайта түсуге ықпал ететіні сөзсіз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Толеранттылық – біздің жанымыздағы диалогқа дайындық. Біздің қалаларымыздағы, аудандар мен ауылдардағы мешіттердің, православия храмдарының, костельдің және синагоганың бір-бірімен қатар тұруы жеріміздің бейбітшілігі мен келісімінің айқын көрінісі» дегенін қаперге алып, осынау атаулы күн бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі ретінде атап өтілуі қажеттігіне назар аударайық. Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз.
Еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайта берейік. Ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында әрдайым татулық пен келісім, бейбітшілікке, бақ-берекеге толы болсын! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік және игілік тілейміз. Қазақстан халқының бірлігін, сенімімізді нықтайтын, үмітімізді ұштайтын ортақ салтанат мерекесі құтты болсын!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.