Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қазақстан бүгін маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталықтарының бірінің қызметін атқарып отыр. Қазақстанның бұл міндеті өзге елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау табуда» 

Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Облыстың аудандарын аралап, рухани ақпараттық сапармен жүрген «Рухани келісім» керуені Көкпекті ауданына ат басын тіреді. Катонқарағай ауданынан бері қарай Ертіс арқылы Самар ауылына жеткен керуенді аудандық «Нұр Отан» партия-сы филиалының өкілдері, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қарсы алды. Самар Мәдениет үйінің алдында әр ұлттың киімін киген өнерпаздар керуен мүшелеріне әннен шашу шашып, қошеметпен қарсы алып, керуеншілерді ғимарат ішіне бастап жүрді.

Керуеншілерге Көкпекті аудандық «Нұр Отан» фи-лиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева сөз арнап, қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі. Ең алдымен «Рухани келісім» керуенінің топ басшысы, Облыстық дін істері басқармасының бұқарамен байланыс жөніндегі директоры И.Беркімбаева сөз алды. Ол өз сөзінде бұл керуеннің мақсатына тоқтала кетті және керуенге қатысушы адамдармен таныстырып өтті.  «Бұл керуен тұрғындар арасында дін мәселелерін, рухани құндылықтарды ақпараттық-насихаттық түрде насихаттаудың инновациялық жобасы болып табылады. Басты мақсаты Қазақстан халықтарының дәстүрін, дінін, патриоттықты ұлттық өнер, шығармалар арқылы насихаттау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жетілдіру болып табылады», - деді Индира Қилымбекқызы.

 

Облыстық Дін басқармасының мүшесі Арман қари сөз тізгінін алып, жастарға ата-ананы сыйлау жайында уағыз айтты. Мұсылман дінінің басты кітабы Құран кәрімнің аяттары мен сүрелерінде ата-ананы сыйлау туралы баса жазылып, айтылған дей келе дін қызметкері сүрелерді оқи отырып, оның қазақша мағынасын айтып берді. Біздің елімізде конфессияаралық татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген тағы бір адам Сергий әкей. Оның да жиналған қауым алдындағы әңгімесі еліміздегі бүгінгі ынтымақты нығайту, дінаралық келісімді одан әрі жетілдіру және діни экстремизмнен сақтану тақырыбын әрі қарай жалғастырудан құралды.

Ел ынтымағын жарастыруда ақын сөзі қашанда биік тұрады. Бүгінгі рухани керуеннің сөзінің шырайын келтірген ақындар Н.Матвеева мен Г.Пуссеп болды. Облыстық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің төрайымы Наталья Семеновна бірнеше өлеңдер жинағының авторы, қоғамдық белсенді адам. Ол өзінің сөзінде рухани байлық туралы айта келіп, бірнеше өлеңдерін оқып берді. Ақын, прозашы, ұстаз, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Геннадий Николаевич Пуссеп те шығармашылық жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстан тыс қалмайды. Ол «Өскемен қаласының Құрметті азаматтары» қоғамдық қорының директоры. Сөзін әріден бастаған Геннадий Николаевич біздің Ақ Ертістің бойында тұратын шығыстықтардың қонақжайлылығы, кеңпейілділігі де шалқыған Ертіс суындай, шырайлы атқан күніндей деді. Патриоттық рухты оятатын сөздері мен өзінің шығармашылығынан оқыған үзінділері жастар бойында жігер тұқымын сепкені айдан анық. Ол белгілі ақын Б.Щербаковтың туған жер, оның табиғаты туралы жазған өлеңдерінен де үзінді оқыды. Рухани керуеннің көркін ән мен жыр, би одан әрі әрлендіре түсті. Қонақтарға Самар Мәдениет үйінің әншісі Т.Нечаева ән орындап, «Самарчанка», «Тұмарым» топтары би биледі.

Біздің түсінігімізде рухани келісім ешқандай да бірыңғайлылықты, жалпыға ортақ дінді білдірмейді. Бірақ, біз діндерде, мәдениетте бір-біріне қарама-қайшылықтарды емес, оларды біріктіретін бастаманы іздеу жолында біргеміз. Өйткені, барлық діндер мен дәстүрлер қарапайым, әр ұлттың өзіне тән және әлемнің барлық адамдарына түсінікті ұстанымдарға негізделеді: өз жақыныңды сүю, көмекке зәру адамдарға жәрдем беру, кедей мен пақырға қолғанат болу, мәңгі өсиеттерге сүйеніп өмір сүру. Сол руханилықтың кеңістігі адамдарды біріктіретін, барлығына бірдей әлем болып табылады. Бүгінгі керуеннің мақсаты да осы. Көшің ілгерілей берсін, «Рухани керуен»!

 

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз