Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» сияқты іргелі заңдардан бастау алған бүгінгі Конс-титуциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Биыл біздің Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында біздің басты заңымыз еліміздің азаматтарының бетке ұстар беделі мен қорғанына айналды.
Республиканың, облыстың, ауданымыздың экономи-касының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беріп отыр. Біз Елбасы ұсынған «100 нақты қадам – Ұлт жоспарымен» алға басып келеміз. Бұл орайда көкпектілік әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады. Конституция – еліміздегі әр адамның құқығының кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы болмақ.
Конституция күні - Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні барша көкпектіліктерге татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілейміз.
Ата Заңымыз тарихымыздың мақтанышына айналсын! Әр шаңыраққа кұт – береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Р.Сағандықов,Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев,аудандық мәслихаттың хатшысы

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз