Өткен ғасырдағы халық арманы қобыздың сарынында, домбыраның қос ішегінде, ұзақ жолдардың шеруінде, кешкі оттардың жарығында қалған. Қазақ елі тағдырдың тәлкегін, жат елдердің әділетсіздігін бастан кешсе де, өзін жоғалтпай, ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңын қарсы алу үшін осы ақ жолда әр ғасырдың ұрпақтары талай күрестерді бастан кешірді.
Ағымдағы жылдың 30 мамыры саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық
орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәде-ниет үйінде «Зұлмат жылдардың жаңғырығы» атты еске алу кеші өтті. Кештің алғашқы минутында үнсіздік жарияланып, қасіретті жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Бұл шараға Көкпекті ауылындағы репрессияға ұшырап, кейін ақталып шыққан Шериаздан Фахруддиновтың қызы Зифа Шериазданқызы келді. Ол жас кезінде көптеген зұлымдықтың куәгері болған өз әкесінің қуғын-сүргінге ұшырып, халық жауының баласы деген сөзге іліккені туралы айтып беріп, келешек ұрпағымызға нәубет күндер болмай, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп сөзін аяқтады. Біздің жергілікті танымал ақынымыз Нәкен Серікбаевтың Ш.Фахруддиновқа арнап шығарған «Шериаздан ата» атты әнін Кеней Зейнолла орындап, жиылған қауымды тәнті етті.
Сонымен қатар, бұл іс-шарада Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев, Көкпекті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының, әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Сүлейменов, Көкпекті орта мектебінің жас ұстазы Ж.Алпысбаев сөз сөйлеп, бұл саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жалғыз шара емес, сондықтан жазықсыз жазалауға ұшыраған қазақ ұлтының арыстарын әрбір қазақ баласы жадында сақтауға міндетті екенін айтты.
Біздің борышымыз - осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбандарын ұмытпау. Оларды мәңгі есте сақтау.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.