Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалаудың құрбаны Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Саяси қуғын – сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік – жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.

 

Бүгінгі күні өздерінің ата-бабалары туралы біздің елімізде, ауылымызда тұратын ұрпақтары ауызша естіген, соны жадыларында сақтап, кейінгілерге мирас етіп қалдырады. Солардың бірі Самар ауылында тұратын Валентина Федоровна Кутателадзе.

- Менің анам және әкем жағынан да аталарымыз бен әжелеріміз осы саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып саналады. Бұрын Старый Крым деп аталып, Қырым автономиялық Республикасының қызы Чередниченко - Шикина Надежда менің арғы әжем. Оның қызы 1937 жылы туған Килина Ивановна Шикина. 1940 жылы халық жауының ұлы Альберт Бекке тұрмысқа шыққан әжем өз естелігінде айтатын: «Каспий арқылы кеме трюмына тоғытылған жер аударылғандарды қаншама азаппен Қазақстан жеріне жеткізді. Бізді (қазіргі Тарбағатай ауданының) Ақсуат ауылына бірде жаяу, бірде арбамен айдап әкелді. Сол жерден анамды еңбек армиясына алып кетті. Жұмыс ауыр, әйелдерге балаларын бермей, күштеп тартып алып, балалар үйіне өткізіп тастады. Осындай азапты кездерде Бек қайтыс болды. Ал мен тек 1947 жылы босап шықтым», - деп күрсінетін.

Қаншама табалдырықты тоздырып жүріп 1956 жылы ғана балаларын жинап алады. Қолдарында құжат жоқ, күнде кешкісін комендатураға белгіленіп тұрады. Сол Ақсуатта тұрып, жергілікті қазақтардың тілін үйреніп, олармен біте қайнасып кетеді. Балалары қазақ тілінде оқитын. Қағаз жоқ, әр жерден қолға түскен газет беттеріне жазатынбыз деп айтып отыратын олар. Әжем де, атам да, бірталай туыс-тарым да сол жерде жерленген. 1980 жылы әкем мен анам барып қайтқан, содан кейін туыстармен біздің арамыздағы байланыс үзіліп қалды. КНБ мен елшіліктің мұрағаттарынан ешқандай құжаттар таппадық, олардың ақталғаны туралы да анықтама жоқ.

Ал әкемнің ата-анасы Константин Николаевич пен Стефанида Трифоновна Долопчилар – болгарлар. Олар Көкпекті ауданының Прохладное ауы-лында тұрған. «Бір сабақ дән» туралы Заңының құрбаны атам төрт баласын асырау үшін етігінің қонышына жасырып үйге бір уыс дән әкеледі екен. Оны біреулер көрсетіп жіберіп, артынша тінту келеді де, тұтқындап алып кетеді. Алматы темекі кеңшарында жұмысқа жегіледі. 1942 жылы жазған хатында «..менің аз ғана уақытым қалды, көзімнің тірісінде балаларды әкеліп бір көрсетші» деп жазады, жалғызбасты, күні-түні далада жұмыста жүрген әйелдің оған шамасы қайдан болсын. Содан 1943 жылы «өлді» деген бір жапырақ қағаз келген. Әжем сол күйі қайтып тұрмысқа шықпаған, балаларын өсіріп-жеткізген. Менің әкем Федор Константинович қазақ тілінде таза сөйлейтін. Оның қазақ достары өте көп еді, - деп есіне алады Валентина Федоровна.

31 – мамыр - Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Мұндағы басты мақсат сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үңіліп, шаң басқан құжаттарды зерттеу. Ұзақ жылдар бойы «үнсіз» жатқан тарихи құндылықтарды жарыққа шығарып жас ұрпаққа жеткізу, көп ұлтты республикамыздағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Біздің ендігі жерде борышымыз - осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз