Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жұбандық Болғанбаев атын-дағы Самар орта мектебін 2014-2015 оқу жылын 407 оқушы аяқтады. Оның ішінде 16 оқушы биылғы мектеп бітіруші түлектер. Олардың арасынан үш оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп оқушыларының 135-і биылғы оқу жылын «үздік» деген бағаға аяқтап отыр.

Адам өміріндегі маңызды сәттердің бірі – оқу жылының аяқталуы, оның шінде мектеп түлектері үшін үлкен өмірге аяқ басатын сәт. Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте бұл салтантты шаққа биыл дайындық ерекше болғаны әуел бастан белгілі болды. Соңғы қоңырау салтанаты өтетін

алаңда қоңырау бейнесінде жасалған үлкен торт тәрізді мүсін тұр. Айналаның барлығы әсем безендірілген. Ал оқушылар бұл күні тіпті айрықша сәнде десе болғандай, жоқ, олар мектептен тыс костюм, көйлек кимеген, кәдімгі өздерінің мектеп формасында, бірақ көпшілігінің иығына «Үздік оқушы» деген алтын жазулы  жалпақ бау тағылған. Міне, салтанатты сәт орнады. Ортаға бірінші сыныпты үздік аяқтаған шәкірттермен қол ұстасып мектеп түлектері шықты. Олардың шеруін алғашқы ұстаздары Майра Қожамжарова мен Файруза Мәмбетова және сынып жетекшілері Гүлнұр Сарбасова бастап келеді. Толқулы сәт. Барлығы қол соғып қошеметтеп қарсы алды. Олардың соңынан мектептің озат оқушыларының шеруі саппен жүрді. Желбіреп көк ту көтеріліп, Әнұран айтылған соң салтанатты жиын әрі қарай жалғасты.

Құттықтау сөз кезегін алған мектеп директоры Ж.Бақыраева, түлектердің алғашқы ұстаздары М.Қожамжарова мен Ф.Мәмбетова, ата-аналар атынан Ш.Ақбидаева оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ақ жол, алдағы мемлекеттік сынақтан сүрінбей өтулерін тілеп, сәт сапар тіледі. Құттықтау тілектерде жастар болашақтың мұрагерлері, елдің ертеңі солардың қолында екені, сондықтан да білім алуда, мамандық таңдауда қашанда саналы, зерек болу керектігі айтылды. Озат оқушыларға, спортта, түрлі пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушыларға марапаттар тапсырылды. Аудан, облыс, Республикаға танымал қыздардың волейбол командасы түгелдей марапатқа ие болды.

Арман-тілек аспанға түрлі–түсті шармен және аққанат кептерлермен ұшырылды. Сылдырлаған қоңырау мектепке оралатын оқушыларға жазғы каникулдың басталғанын паш етсе, түлектерге балалықпен қоштасудың соңғы күні екенін тағы да еске салғандай болды. Жаз қызығы алда, оқушылар тың күшпен жаңа оқу жылын бастайтын болса, түлектер өмірден өз жолдарын табуға алысқа сапар шегеді, үлкен өмір жолына түседі. Сәттілік серік болсын деп тілейміз!

№1 Самар орта мектебінде өткен салтанатты жиынға аудан өкілі А.Күдербаев, сонымен бірге педагогикалық еңбектің ардагерлері, ата-аналар қонақ ретінде қатысты. Мектеп вальсі әуенімен 11,9 сынып түлектері ортаға шақырылды. 5-11 сынып аралығындағы сыныптардың оқу озаттары да (18 оқушы) ортаға салтанатты шерумен келді. Олардың ішінде үш оқушы мектеп түлектері :О.Дорожко, М. Мұқашева,  К.Жайлаубаева. Оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен А.Күдербаев, мектеп директоры  В.Кутателадзе,  11 «б» сынып жетекшісі  А.М.Құрманғалиева

 Түлектерге бесінші сынып оқушылары тілектерін арнап, оның соңы «Прощай детство» атты театрландырылған қойылымға ұласты. Түлектер шар мен кептерлер ұшырып,  флэшмоб биледі. Соңында дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылды. 

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз