Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Соғыс қаншама отбасын ойрандап, әйелді жесір, баланы жетім атандырды. «Қырық жыл қырғында ажалды өледі»,-деген мәтел бар, осы мәтелді делелдегендей, Көкжота ауылының азаматы Зейнолда Азанбайұлы өмірден қаншама сынақ көрсе де, өмірден өзіне бөлінген еншіні түгелдей алған азамат.

 Төрт жасында әкеден айырылып, басқа адамға басын байлаған анасы оны немере ағайындардың қолына табыс етті. Ағайындары Зайсан қаласындағы балалар үйіне өткізеді. Көкодай мектеп-интернатында оқиды. Осы жерде 1942 жылы 8-ші сыныпты аяқтайды. Оқуды өте жақсы аяқтаған   оның әрі қарай оқуға жағдайы болмайды. Сталиннің «60-тағы қарт емес, 16 жастағы бала емес» деген заңының күшімен соғысқа алынады.

Әскер қатарына шақырылған жас жігітті өзі сауатты болған соң Орал қаласындағы кіші командирлер дайындайтын курста екі ай оқиды. «Содан осы жерде тағы да бір ай жаттығып, Москвадан бастап қуған немістерді Белорус, Украйн жеріне дейін қудым»,-деп есіне алады екен ол кісі.

Томбов облысындағы Мичурин қаласы маңындағы ауыр ұрыстардың бірінде қатты жараланған сержант Зейнолда Азанбаев госпитальдан екінші топ мүгедек болып, 1945 жылдың қараша айында елге оралды. Жарқатынан айыққанша Екпін ауылында тұратын апа-жездесінің қолында болған жауынгер жігіт 1946 жылы ел қатарлы еңбекке араласты. Дәм-тұзын Дәйда Уахитқызымен жарастырған ол Көкжота ауылына барып қоныстанады. Төрт үл, екі қыз өсіріп-жеткізген олар бақытты еді. Зейнеткерлікке шыққанша кілтші, есепші, жүргізуші  болып еңбек еткен кешегі отан қорғаушы 1997 жылы өмірден озды. Он сегіз немересі мен бір шөбересін сүйіп көз жұмды. Тату – тәтті 50 жыл бірге өмір сүрген жұбайы Дәйда да 2005 жылы қосағының артынан кете барды. Олар жайында ұлдары Оралтай Зейнолдаұлы ұрпақтарына әңгімелейді.

 Оралтай ақсақалдың өзі де жетпісті алқымдап қалды. Жұбайы Қапиза екеуі де кешегі майдангердің ұрпақтары. Қапиза апайдың әкесі Сейітқазы Есқожаұлы 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, тек 1946 жылы елге оралған.   Бағжамал Нұрғазықызымен бас қосып, одан Қапиза және оның атынан үш ұл туады. Інілері қайтыс болып, Қапиза жалғыз қалған екен. 1953 жылы анасы да көз жұмысп, қршадай қыз әпекесі Күлсәбила Ақытқызының қолында қалады. Бес жасында жетім қалған қыз талай тауқыметті көріп өсті. Жолдасы Оралтай екеуі бақытты шаңырақ құрып, таяуда жарты ғасырлық жұбайлық өмірлерінің мерейтойын атап өтеді. Кешегі майдангерлердің ұрпақтары бүгінде өздері де ата-әже атанып отырса да, әке бейнесі қашанда ыстық, санамыздан өшпейді деп қадір тұтады. Аруақтарына бағыштап дұғаларынан қалдырып көрген емес.

Клара  НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз