- Тұрғындар алдында есеп беру бойынша баяндаманың тезистері аудандық газетте екі тілде де жарияланған болатын. Сондықтан бүгінгі баяндамада өткен жылдың маңызды деген сәттері мен қол жеткізген табыстарға, алдымызда шешуге тиіс мәселелер мен оларды қалай шешу жолдары мен мемлекетіміздің әлемдік дағдарыс, Украинадағы оқиғалар мен Ресейге қарсы жарияланған санкциялар жағдайында алға қойып отырған міндеттеріне тоқталатын боламын, - деп бастады аудан әкімінің м.а. Р.Сағындықов өзінің Үлгілімалшы, Көкжайық, Миролюбовка, Теректі, Шұғылбай ауылдық округтерінде жасаған есептік баяндамасын.
Орын алып отырған оқиғалардың барлығы да ел экономикасына елеулі ықпал ететіні сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Стратегиялық Жолдауында: «Алдымызда барлық мемлекет бірдей өте алмайтын қатерлі сындар тұр, оны тек бірлігі жарасқан, ұлты мен идеясы ынтымақты, алдына мақсат қоя білетін ел ғана өтіп, төтеп береді»,- деп тегін атап өткен жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов дамудың басым бөлігі деп сүт өндіру саласын өркендетуді белгілеп отыр. Ауданда сүт өндірісін дамытудың пилоттық жобасы қолға алынатын болады. Ағымдағы жылы бұл жобаның ең ірісі «Өрнек» ЖШС негізінде 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құра отырып, оны 600 басқа дейін жеткізу қарастырылмақшы. Алайда, сүт өндірісін дамыту жеке меншік шаруашылықтардың әлеуетінсіз мүмкін емес. Біздің аудан аграрлы болғандықтан сүт бағытындағы мал басын арттыруға толық негіз бар. Бірақ сүт өндірісін жолға қоюда тұрғындардың ауласындағы мал басының әлеуетін пайдаланбаса болмайды. Бұл сала мал шаруашылығындағы және аграрлық саладағы ең күрделісі болып саналады. Оның сәтті дамуына көптеген факторлар, оның ішінде мал тұқымының асылдығы, сауын сиырларды ұстау ерекшелігі, олардың саулығы мен дайындалатын өнімнің сапасы және басқалары әсер етеді.
Алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда мал тобының жаңартып отыруы, мал азығы қорын нығайту, қолда бар мал қораларын жаңғырту, жаңа қоралар салу, жаңашыл технологияларды енгізу қажет. Мұның барлығы сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың жалпы концепциясында орын алды және оны жасаумен аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі айналысады. Бұл жұмыста сүт сатып алуды, сүтті тоңазыту мен өңдеушіге дейін жеткізуді ұйымдастыру маңызды орын алмақшы. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары инновациялық-инвестициялық және бәскеге қабілеттілік бағыттарын қамтамасыз етулері керек, сонда ғана саланың тиімділігін арттыруға ықпал етуге болады. Бұл жұмыс табалдырығы қазір бос, ешқандай бәсекелестер жоқ. Сонымен бірге, облыс әкімі алдыға міндет қоя отырып, аталмыш бағыттағы бизнес жобаларға қолдау көрсету жоспарланып отыр деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндет кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдерінің мойнына жүктеледі. Жекеменшіктің қорасындағы малының сүт бағытында дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Соңғы жылдары сүтті сатып алу бағасы өте төмен болғаны жасырын емес, ол ауыл тұрғындарының сүтті сатуға құлықсыз болуын туындатты. Сонымен бірге, қолда бар мал басының нақты есебін жүргізу қажет. Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшыларына сүт өндірісі саласын дамытуға бағытталған әрі қарайғы жұмыс алгоритмдерін анықтау үшін бірқатар маңызды сәттерді қарастырулары керек, нақтылап айтқанда, сүтті сатып алудың жолдары мен оны ұйымдастырудың құқықтық ұйымдастырушылық формаларын қалыптастыру, сүт бағасының құрылуын нақтылау, маркетинг әдісін үйрену.
Рентабелділіктің басты шартының бірі – өнімді өңдеу мен сату болып табылады. «Сиырдың сүті тілінде», - дегендей, сүт өндіруді дамытудың алғы шарттарының бірі тұрақты әрі сапалы мал азығы қорын жасау болып табылады. Мал азығын дайындауда, сақтауда ешқандай ысырапшылдыққа жол бермей, қажетті әрі сапалы азық дайындауға қол жеткізу қажет. Бұл мәселені шешуге, ең алдымен, шаруа қожалықтарының басшылары құлықты болулары тиіс, ал жер қатынастары, ауылшаруашылығы мен ветеринария бөлімі әдістемелік-кеңестік көмекпен қамтамасыз етулері тиіс.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жергілікті ат-қарушы органдардың жұмысындағы басты міндет әлеуметтік саланы дамыту болып табылады. Соңғы жылдары оның дамуына аудан бойынша қыруар қаржы бөлінді. Алайда, әлемдік дағдарысты ескере отырып, бізге енді тізгінді тежей тұруға тура келеді. Осыған орай жүргізілетін оңтайландыру бойынша айтарым, бұл - орынсыз жұмсалатын шығындарды азайту, мекемелерді заң талаптарын сақтай отырып, қайта құру. Сондықтан да біз оңтайландыру арқылы бюджеттік қаражат шығындарын азайтып, тиісінше халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды көздеп отырмыз. Ауданда қолға алынып отырған жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламаларды тиімді пайдалану маңызды.
Осы аталған міндеттерді орындап, жүзеге асыру экономиканың және әлеуметтік саланың қарқынды дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына ықпал ететін болады. Ал, оларды жүзеге асыру және табысқа жету жергілікті атқарушы билік, депутаттық топ, азаматтық қоғамның бірлескен жұмысына, оларға аудан тұрғындарының қолдау көрсетуіне тікелей байланысты екенін аудан әкімінің м.а. Р.Нығметжанұлы тұрғындар назарына ұсынды.
Бақыт МҮЛІКОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.