Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Энергетика қызметкерлері күні – Қазақстандағы электр қуаты өндірісі саласында қызмет ететін адамдардың кәсіби мерекесі. Бұл күнді жыл сайын желтоқсан айының үшінші жексенбісінде электр және жылу қуатын өндіретін, тасымалдайтын және тұтынатын мекемелердің қызметкерлері атап өтеді. Мереке қарсаңында біз Көкпекті ауданының АЭС басшысы Миралы Кушеровпен әңгімелескен едік.

-Біздің мекеме тұрғындар үшін электр жүйелері бойынша қызмет көрсетеді. Биылғы жыл біз үшін жақсы нәтижелермен аяқталуда. Жоспарлаған жұмыстың барлығын толық көлемде орындадық. Көкпекті ауылында 2 шақырым қашықтықта электр желілерін, сондай-ақ, 1,8 шақырымға сыртқы әсерлерден қорғалып, ұзақ уақытқа шыдайтын изоляцияланған өзі жеткізетін желілер тартылды. Біздің 91 адамнан тұратын үлкен ұжымымыз Самар және Көкпекті аумақтарына қызмет көрсетеді. Қызметкерлердің 90 пайызы мекемеге еңбектері сіңген ардагерлердің орнын басқан жас мамандар. Әр қызметкер өз ісінің майталманы, өйткені біздің жұмыста басқаша болуы мүмкін емес. Электр қуаты – көзге көрінбейтін күш болғандықтан, бұл мамандық ерекше сақтықты қажет етеді. Самар аумағындағы қызметкер Юрий Викторович Сельской – энергетика саласының ардагері бола тұра, әлі күнге бізбен бірге жұмысын жалғастаруда. Оның біліктілігінің арқасында, біз өз жұмысымызда көптеген табыстарға жеттік. Қазіргі таңда жастар оның іс-тәжірибесін үйренуде. Жұмысқа деген жоғары жауапкершілік қасиеттері жөнінен диспетчер Т.Ширяева, Н.Алпысов, төрт учаске желілерінің басшылары А.Салимбаев, Е.Ақылбаев, М.Қоңқаев, М.Толықпаев, подстанция қызметіндегі инженер Қ.Садықов, таратушылықтар тобындағы А.Макеева және Р.Багаудинов секілді қызметкерлерді ерекше атап өтуге болады. Біздің жұмысымызда ең бірінші орында техника қауіпсіздігін сақтау міндеті тұрады. Ол біздегі әр адамның бүкіл жұмыс уақытындағы ұстанатын ережесі - «Өшірдім. Тексердім. Жерге қостым» немесе қысқаша ӨТЖ деген терминге әкеліп саяды.

Ұжым қызметкерлері тұрғындарға үздіксіз электр қуатын жеткізіп отыру үшін, үнемі өз біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдап отырады. Олардың әрқайсысында біліктіліктері мен техника қауіпсіздігі бойынша қос-қостан разрядтары бар.

Кәсіби мереке қарсаңында әріптестерімнің отбасыларында жылу мен жарықтың жеткілікті болуын тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, ойға алған істеріңіз орындала берсін, -  дейді мекеме басшысы.

Думан Қыдырбаев, бас инженер, Көкпекті АЭС:

-Біздің басты жұмысымыз халықты электр қуатымен қамту. Сол үшін ұжымдағы жұмысшылар аянбай еңбек етіп, қысы-жазы күн демей түн демей қызмет көрсетуде. Ұжымдағы қызметкерлер тату, әрдайым бас қосып жиналып, тұрамыз. Ұжымның 90 пайызы жас мамандар, білмегендерін білуге тырысып, алға ұмтылып жатыр. Жұмыс оңай емес, себебі электр тогы да тілсіз жаудың бірі. Әріптестерімді бүгінгі энергетиктер күнімен құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, отбасыларына береке-бірлік тілеймін. Ұжымда жұмысты жақсы атқаратын мықты азаматтар көбейе берсін. Сондай-ақ, бізге көрген білгендерін айтып, жас мамандарға керекті жерін үйретіп отыратын басшымыз Миралы Қабдулдинұлына зор денсаулық, талмас қанат тілей отыра мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді.

Нұртай Алпысов, аға диспетчер, Көкпекті АЭС:

-Энергетиканы кәсіптік меңгеру оңай нәрсе емес, ол адам өміріне өте қауіпті. Мамандар өмір мен өлімнің арасында жүріп, қызмет атқарады десек те болады. Бірақ, адамзатқа аса қажет. Қазіргі заманда адамның бір күнін, тіпті бір сәтін электр қуатынсыз елестету мүмкін емес.   Мәселен, дәл қазір жарық өшіп қалған жағдайда, ауруханада ота жасалып жатқан науқастың өміріне қауіп төнеді немесе кез келген өндіріс орнында жұмыстың тоқтап қалуы орын алады. Ауданымыздығы ескі электро-жабдықтар жылдан жылға  жаңартыла берсін. Әріптестерімді келе жатқан мерекемен құттықтаймын.

Қанат Садықов, аға инженер, Көкпекті АЭС:

- Мен осы кәсіпорында қызмет істеп, халықты электр жарығымен қамтамасыз  етететінім үшін  қуаныштымын. Бұл салада жұмыс істегеніме биыл 35 жыл толды. Жоғары қуаттылық, тәулік бойы тынымсыз жұмыс пен зор жауапкершілік. Бұл өз ісіне адал жандардың бойындағы қасиеттер. Ауданның энергетиктері кәсіби біліктіліктерін шыңдап, станциялар мен энергетикалық кешеннің жұмысын тұрақты түрде жүргізуге әзір.

Бұл жұмысымыздың тиімділігін арттыра түседі. Бүгінгі таңда әлемді жарықсыз елестету мүмкін еместігі баршаңызға аян. Энергетик жұмысының маңыздылығына баға жетпейді, олардың еңбектерінің арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етеді, әрбір тұтынушыға қажетті жылу беріледі. Энергетика саласы мамандарының мерекесін атап өту жыл сайын дәстүрге айналып келе жатыр. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын.

Энергетиктер күні  – бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн сондай-ақ, энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгінде қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, Энергетиктер күні – жай ғана «жарық» пен «жылу» түсінігі емес, олардың ғұмырының айтулы кезеңіне айналған барша білікті мамандар мерекесі.

Назгүл МУРСАЛИМОВА

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз