Сүт өндіру мақсатында сауынды сиыр тұқымын молайтуды қолға алу көптеген тұжырымды, тексерілген факторларға негізделген. Олардың барлығы жобаның болашағы мен құрылу стратегиясын нақтылайды. Сондықтан да саланың дамуына кедергі келтіреді-ау деген барлық түйткілдерді шешіп алу керек. Ол факторлар кедергі келтірмей, қайта қарқынды дамуға ықпал етуі тиіс. Осы жайында аудан әкімі Д.Мусин 13 желтоқсан күні өткізген жиында айтылды.
-Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасы боынша облыста сүт өндірумен шұғылданатын 43 кәсіпорын таңдалып алынды. Облыс басшысының тапсырмасы бойынша сүт бағытындағы мал басын арттыруға айрықша жол қарастырылып, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың барлық тетіктері қолданылады. Бұл кәсіпорындардың арасында «400 бас сауынды сиырға арналған СТФ–ті 600 басқа дейін ұлғайту» жобасымен «Өрнек» ЖШС да кірді, - деп атап өтті Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Шаруашылық басшысы Ержан Қойгелдин сүтті мал басын өсірумен бұрыннан бері шұғылданып келеді. Алайда қысқа мерзім ішінде кешенді мәселенің барлығын шешу мүмкін емес. -Сондықтан да аудандағы барлық қызмет түрлерінің жұмысын бір арнаға тоғыстырып, әдіскерлік, кеңес берушілік, ұйымдастырушылық жұмыстардың үйлестіре отырып, тауарлы-сүт фермасын дамыту жобасын жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсету қажет,-деген міндет қойды аудан әкімі.
Сүтті мал басын молайту үшін ең алдымен нақты стратегия боуы шарт. Бұл салаға ғылыми-техникалық прогрестің араласуынан көп мәселеде ұтамыз. Ең алдымен барлық әрекеттің техникалық бөлімін дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Сонымен бірге, сүт бағытындағы мал басын көбейтудің болашағы малдың күтімі, қоректендіру, сауу технологиясын жетілдіруге тікелей байланысты болмақ. Бүгінгі заманауи әлемде сүтті мал басын арттыру мен сүт өндіру толықтай механизация мен автоматтандырылуды талап етеді, сонда ғана саланың дамуына даңғыл жол ашылады. Өндірістің бүгінгі ауқымы аграрлық саясаттың мақсаттылығын алға созып, мал шаруашылығының сүт өндіру саласын дамытудың тиімді шараларын жедел қабылдауды қажетсінеді.
Жиын барысында «Өрнек» ЖШС-нің «40 басқа арналған СТФ-ті 600 бас сиырға арнап әрі қарай жетілдіру» жобасын жүзеге асырудың әрекет ету жоспары жаряиланды. Онда тиімді құқықтық-ұйымдастырушылық және шаруашылық басқару тетіктері, өнімді өндіруден тұтынушыға жеткізуге дейінгі технологиялық тізбекті жетілдіру, инновациялық технологиялар мен заманауи басқару жүйесін нақтылау бойынша мәселелер ұсынылды. Жоспарды құрушылардың пікірінше осының барлығы кәсіпорынның инновациялық-инвестициялық бағыт-бағдарын қамтамасыз етіп, сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың тиімділігін арттырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етеді.
Дүйсенғазы Мағауяұлы «Өрнек» ЖШС-нің жобасын жүзеге асыру туралы айта келіп, аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің, ауылдық округ әкімдерінің алдына ауылдық округтерде сүт дайындау, өнімді өткізу, мал азығы базасын ұлғайту мәселесіне көңіл аударуды тапсырып, міндет қойды. Сонымен бірге, бұл маңызды міндеттерді алға мақсат қою мен жұмысқа деген талап басқа да сала мамандарына талапты күшейтуі тиіс деді аудан басшысы.
Жиын соңында біз аудан әкімінің аграрлық салаға жауапты орынбасары Рамиль Сағындықовтан сүтті мал басын арттыру бойынша жағдайға тоқталып өтуін сұрадық.
-Мал шаруашылығын дамытудың тиімділігі көп жағдайда сүт өндіру саласындағы деңгейге байланысты болады. Аудан аумағы, оның климаттық ерекшелігі мал шаруашылығын дамытуға қолайлы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан сүт және ет бағытындағы мал басын арттыруға басымдық беру керек. Қай жағынан алып қарасаң да, мал басының рентабелділігі сүт өндірісінсіз ақталмайды. Кіріс құрылымында мал шаруашылығында сүт өндіру кірістің 60-70 пайызын құрайды. Қарапайым ғана есептеулер бойынша қарапайым сиыр күніне 8 литр сүт береді делік, оны 300 күнге және 1 литр сүттің бағасы 80 теңге деп көбейтейік, барлығы 192 мың теңге болады. Ал бір жасар бұзаудың таза салмағы 100-115 келі, ал түсімі 100-115 мың теңге.
Электрондық БАҚ мәліметі бойынша Қазақстанда сүт бағасы және сүт өнімдерінің құны өте жоғары. Бұл біздің елімізде мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай бар болғанның өзінде орын алып отыр. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту техниканың барлық жетістігін пайдалана, асыл тұқымды және селекциялық жұмыс ғылыми негізге сүйене отырып дамуы тиіс. Аудан әкімінің жария еткен іс-әрекет жоспары жан-жақты ойластырылған, ол жобаның жобалық-кестелік, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, жерді тиімді пайдалану, азық-түлік базасын дамыту, суармалы жерлерді кеңейтуді де қарастырады. Жоспардың маңызды бөлігін қажетті кадрларды дайындау, оларға арнап тұрғын үй салу, Воздвиженка ауылын абаттандыру мен дамыту мәселесі құрайды. Аудан әкімі айтқандай, енді әр бөлім осы жобадан өз орнын тауып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және жобаны жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік қолдау бойынша мүмкіндіктерді қарастырып, ұсыныс енгізулері қажет.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.