Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 наурыз күні Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев келді. Басқарма басшысы ветеринария салысына қатысты өзекті сұрақтарды талқылау және түсіндіруге арналған жиын өткізді.

Жиынға Көкпекті ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Мақсат Сүйесінов, ауылдық округ әкімдері, аумақтық ветеринарлық инс-пекциясы басшысы Ержан Сәрсенбаев, ветеринарлық лаборатория басшысы Ербол Төлешов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, "Көкпекті вет" КМК ветеринар дәрігерлері қатысты.
Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы жұмыс сапарының мақсатымен таныстырды. Ержан Барышевтың айтуы бойынша әрбір ауданды арнайы жұмыс сапарымен аралаудағы мақсат - жағдаймен жіті танысып, алдағы жұмысқа дұрыс бағыт-бағдар беру.


- Ауыл шаруашылық жануарларын егу, қан алу, сырғалау жұмыстары толық мемлекет есебінен жүргізілсе де, мал иелері кей жағдайларда бұл жұмысқа жауапкершілік танытып отырған жоқ. Мал басын толық еккізбеу, қан алғызбау, жасырып қалу фактілері кездеседі. Дегенмен, ветеринар дәрігерлер, аумақтық инспекция мамандары, ауылдық округ әкімдіктері өздеріне жүктелген жұмысты атқаруда. Ауыр әрі жауапкершілігі мол ветеринар мамандардың жұмысын ынталандыру мақсатында Абай облысы бойынша мал дәрігерлерінің жалақысын ұлғайту шаралары іске асырылды, - деді Ержан Мұратбекұлы.
Сондай-ақ басқарма басшысы мал дәрігерлерінің статусын көтеру бағытында жұмыс жасалып жатқанын айтты. Кезекті еңбек демалысына шыққанда екі айлық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, 2024 жылы жаңа техника және қызметтік автокөліктермен қамтамасыз ету, мал дәрігерлері атқарып жүрген жұмысы жеңілдеп, алдағы уақытта толық автоматтандырылған цифрлық жүйеге көшу сынды маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Сонымен бірге мал қорымдары мен мал сою алаңдарын салу, мал қамайтын қорғандар мен расколдар салу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, оларды қамайтын арнайы орын питомник салу туралы түсіндірді.
Жиын барысында ветеринария саласына қатысты өзекті сұрақтар қойылып, жан-жақты пікірлер ортаға салынды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз