Қараөткел ауылының аумағындағы Бөкен өзенінің құйылысы тұсындағы балықты жерде орналасқан В.Гриценконың бригадасы күзгі суықтан қорынып, балықшылар бүгін суға түсуге тек түстен кейін шықпақшы болған. Вадим мен інісі Валерий моторлы қайықты жағармайын құйып дайындап жүрген. Осы аумақта демалыс үйін салып жатқан құрылысшылар да жұмыс істейді. Олар сол күні үйдің төбесін шатырлап жатқан. Бір кезде құрылысшылар «құтқарыңдар» деген дауысты естиді.
-Сол күні желемік болып тұрған. Біз ініміз екеуміз жылдам қайықты от алдырып, су бетіне шықтық. Жан-жаққа қарап келеміз. Маған мотордың үнімен ештеңе естілмейді, ал Валера біраз уақыт өткен соң тағы да көмек сұраған дауысты естіді. Айнала қамыс, ештеңе көрінбейді, апатқа ұшырағандардың дауысын жел әкеліп тұрды, әйтпесе біз ештеңе естімес едік. Інім маған қалай қарай жүзу керегін айтып отырды. Біз тұрған жағадан 1,5 шақырымдай тұста су бетінен қарайған байқалды. Жақынырақ келгенде ол адамдардың басы екені белгілі болды. Біз солай қарай бұрылдық. Екі ересек адам, бір бала екен. Біз таяй бергенде ер адамның бірі баланы судан суырып алды. Менің жүрегім дүрсілдеп, көзіме жас үйірілді,-деп есіне алады сол күннің оқиғасын Вадим Петров.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.