Адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиеті – еңбекқорлық.
Еңбек - бұл қуаныш, ләззат көзі, еңбек ұжымында, меніңше, адам басқа адамдармен тіл табысуды үйренеді, ұжымның күшін сезінуге мүмкіндік алады. Еңбекте адам физикалық жағынан да, моральдық жағынан да жетіледі, оның әл-ауқаты еңбекке байланысты, еңбегінің арқасында көп нәрсені жасай алатын адамдар қаншалықты бақытты. Көп адамдар ересек өмірді армандап, өздері ұқсағысы келетін идеалды іздейді. Алайда нағыз еңбекқор жандар өзіміздің арамызда тұрады. Олар күндіз-түні еңбек етеді: білгенін үйретеді, тасымалдайды, өнімді сатады, жемісін жинайды, жұмыспен қамтиды. Тұрмысқа қажетті барлық шаруаны жасайды. Міне, біздің әңгімеміз барлық істе өз кәсібін жете меңгерген, тәжірибесі мол еңбек адамы туралы болмақ.
ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Бұл адамды елестетудің қажеті жоқ, оның ғұмыры – адамдардың көз алдында өтіп жатыр. Дегенмен де, өмірбаяндық деректерді айтып өтуді жөн санадық.
Айтулы күн – 21 қарашада Самарқан Қалисатарұлы торқалы 60 жасқа толса, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының құрылғанына - 20 жыл болады.
Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Самар ауданы Самар ауылында дүниеге келген. Оған туған жерінің көркем табиғатының әр тауы, тасы таныс.
Еңбек жолын 1980 жылы № 151 Самар кәсіптік-техникалық училищесін 06016 Самар авто – көлік кәсіпорнында тракторшы-машинист мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Мұнда жүргізушілер курсын бітірген. Осы кәсіпорында жұмыс істеген жылдары бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.
90-жылдардың аяғында атышулы Қайта құру, кеңшарлар мен шаруалар колхоздарының ыдырауы, экономиканың құлдырауы басталды. Өңіріміздегі мықты шаруашылықтар да бірте-бірте жойылды. Ауыл шаруашылығы күрт құлдырап, кәсіпорындар мен ұйымдар жабыла бас-тады. Кейбір ауыл тұрғындары жақсы өмір іздеп қалаға кеткенімен, тамыры осында болғандықтан, көпшілігі туған ауылында қалды. Соның ішінде Самарқан Қалисатарұлы да бар. Бұл уақытқа дейін оның КамАЗ көлігі болды, ол сол техникасымен отбасының «асыраушысы» болды.
- 90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басында ауданымызда совхоздар мен колхоздар таратылып, тұрғындардан, жұмыс істейтін трактористерден, сауыншылардан бөлінген пайлар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Сол уақыттар қиын кезеңдер болды. Көбісі мемлекеттің жаңа саясатын түсінбеді. Бір кездері құнарлы жерлер, егістік жерлер қараусыз қалып, арамшөп басты. Құрылған шаруашылықтар қандай да бір жолмен жұмыс істеуге, бейімделуге тырысты. Жаңа қызметімді оларға малды ет комбинатына тасымалдау, мал азығын жеткізу бойынша қызмет көрсетуден бас-тадым, құрылыс материалдарын, жағар-жанармай тасымалдаумен айналыстым. Шаруашылықтардың бұл көрсеткен қызметіме төлейтін ақшалары болмады. Біз бартерлік келісімге келдік, яғни техникамен немесе кейбір басқа материалдармен ауыстық. Осындай көлікпен қызмет көрсеткенім үшін, мәселен, Раздольное ауылында К-700 тракторын детальдары мен қосалқы бөлшектерінсіз тек "қаңқасын" деп айтуға болатын шығар, алғаным есімде. Ол кезде шаруашылықтың техниканың қажет бөлшектерін сатып алып, жөндеуге қаражаттары болмады. Уақыт өте келе тракторды ретке келтіріп, жұмыста пайдалана бастадым, кейін күзде Бауыржан Рапековтен МТЗ-80 тракторын сатып алдым – деп, өз естеліктерімен бөлісті Самарқан Қалисатарұлы.
Еңбекке деген құштарлықты, туған жерге деген құрметті ата-анасынан бойына сіңірген Самарқан тағдыры жер жырту, егін егу, мал өсіру екенін сол кезде-ақ түсінген. Көз алдында егістік алқабының қалай қаңырап бос болып, арамшөп басып жатқанын, ауылда тракторлар мен техникалардың гуілінің азайып бара жатқанын, жұмысшы кәсіптің дәстүрі ұмытыла бастағанын көру жанын ауыртты. Істі бастау үшін бастапқыда қаржы жинау керек болды.
2000 жылы Ленин атындағы колхоздың бұрынғы Қамысты бригадасының шошқа өсіріп, бордақылау базасын жалға алды. Күзде етін базарға тапсырып, аздаған табыс түсірді. Өз ісін бастау үшін болашақ фермер Раздольное жерінде шағын жер телімін жалға алып, күнбағыс отырғызды ол күзде жақсы өнім берді. Бұл оның мүмкіндігін одан әрі пайдалануға, жер жыртып, егін егуіне түрткі болды.
Қиындықтардан қорықпайтын, жердің нағыз иесі болуға дайын диқандар шаруа қожалықтарын, акционерлік қоғамдастықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, сол арқылы жерді қараусыз қалудан сақтап, сол қиын кезеңдерде шаруаларға жұмыс берді.
Самарқан Қалисатарұлы 2001 жылы 21 қарашада бұрынғы Самар ауданы әкімінің шешімімен «Қалисатарұлы» шаруа қожалығын ресми түрде тіркеп, 37 гектар жерді рәсімдеді. Бірте-бірте Қалисатаровтардың алқаптары сол кезде иесіз қалған жерлермен кеңейе бастады. «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді» дегендей, еңбектің түбі әрқашан береке беріп, егіндері жақсы шығып, істері алға басады.
Сол уақыттан бері «Қалисатарұлы» шаруашылығының құрылғанына тура 20 жыл толып отыр.
ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ МЕН ӘЛЕУЕТІ
Диқандардың демалысы жоқ, күн сайын жұмыс. Көктемнен күзге дейін - егін егу мен өнімді жинау. Ал қыста – шаруашылықтардағы жем-шөптің тау-сылмауын, техниканың егіс жұмыстарына дайын болуын, тұқымның жеткілікті болуын қадағалау.
Жаңа шаруа қожалықтары құрылды, озық технологиялар енгізілді, заманауи техникалар алынды. Бірақ ауылда істі қолға алатын, жауапкершілік жүгін арқалап, дамудың дұрыс бағытын таңдай алатын адамдар қажет болды.
Уақыт бір орнында тұрмайды, инновациялық технологиялар ғасырында біз күнделікті жаңа көзқарас пен ойлауды қажет ететін жаңа, озық нәрселермен бетпе-бет келеміз. Осының бәрі шаруа қожалығының басшысын да көп ойландырды, заман көшіне ілесу керек еді. Жаңа технологияларды меңгеру үшін білім алу қажет болды. Ал, шаруашылық құрылған соң 3-4 жылдан кейін Самарқан Қалисатарұлы Саратов техникумына агроном-тұқым өсіруші факультетіне сырттай бөліміне оқуға түседі.
Студент Жотабаевтың бойындағы технологияны, жер мәселесінің теориясын, білімге құштарлығын көрген техникум мұғалімдері агроном-тұқымшы деген «қызыл» дипломды табыстайды. Бұл шаруа қожалығының дамуын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Осы жылдар ішінде ол «тұқым шаруашылығы» мәртебесіне ие болып, бүкіл Көкпекті ауданын ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерін де дәнді және майлы дақылдардың сапалы, жоғары сапалы тұқымдық материалдарымен қамтамасыз етті.
Жыл сайын машина-трактор паркі жаңа техникамен жаңартылып отырады. МТЗ-82 тракторлары, отамалы дақылдарға арналған «Гаспардо» тұқым сепкіші, дәнді және майлы дақылдарды жинауға арналған заманауи және қуатты дала комбайндарымен толықты.
– Бүгінгі таңда бізде шамамен 1470 гектардай жеріміз бар, Болат ағамыз 370 гектардай жер телімін алды. Жайылымдық жерлер де бар, тыңайған жерді өңдеудеміз. Жылқы, ірі қара мал ұстаймыз. Ауылда мал мен құссыз қалай өмір сүруге болады? Жақсы қатты мехток, кептіргіш, жаңа қоймалар, базалар және тағы басқалар бар, - дейді, шаруа.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ – ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Самарқан Қалисатарұлы ауылдағы шаруаның еңбегін жоғары бағалайды. Жыл сайын дала жұмыстарының соңында бағалы сыйлық – автокөлік, тұрмыстық техника, өз мекемесінің алдыңғы қатарлы қызметкерлерін ақшалай сыйлықпен марапаттап жүрген аудандағы жомарт кәсіпкерлердің бірі.
– Экономиканың 20 жылы ішінде қол жеткізген барлық жетістіктері – бүкіл ұжымның баға жетпес еңбегі, оның тірегі – өз ісін жетік білетін еңбекқор адамдар. Біздің қызметкерлер аралас мамандықтарға ие. Мұны бірінші кезекте атап өту керек, - дейді Самарқан Қалисатарұлы. Ұжымдағы «ең қарт» қалисатаровтардың бірі – Сергей Қошманов. Бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқанына тура 19 жыл болды, әскерде борышын өтеген соң біздің шаруашылыққа келді. Ол біз үшін ұлымыздай, отбасының бір мүшесіне айналды. Біз оған үшінші үйді сатып әпердік. Жыл сайын дала жұмыстары аяқталғаннан кейін біз барлық жұмысшыларға міндетті түрде сыйақы береміз, ең үздіктерді атап өтеміз. Егер қызметкер шаруашылықта 5 жыл мінсіз жұмыс істесе, біз автокөлік сыйлаймыз. Шаруашылықтың мерейтойының салтанатты шарасында да олар көтермелеусіз қалмайды. Мұрат Қалисатаров пен Станислав Михайлюк та жақсы жұмыс істегені үшін автокөлік алды.
ҚҰРМЕТТІ МАРАПАТТАР МЕН ЛАЙЫҚТЫ МАДАҚТАР
Шаруашылық басшысы өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады. Күнделікті жұмыста егін шаруашылығы саласындағы озық тәжірибені біледі және қолданады. Жотабаев шаруашылық басшысына жүктелген қызметті тиянақты атқаруда. Ол қатал, бірақ әділ, сауатты және жауапты, сондықтан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Өндіріс жағдайында кенеттен өзгерістер болған кезде Самарқан Қалисатарұлы жігерлі және сенімді әрекет етеді. Қызмет пен жұмыс тиімділігін жақсарту үшін, қаражатты үнемдеуге және өнімнің рентабельділігін арттыруға ықпал ететін іс-әрекет жасап, жан-жақты ойластырылған ұсыныстар енгізеді.
Самар ауылшаруашылық-техникалық колледжінің студенттері оның шаруашылығында өндірістік тәжірибеден өтуге қуана ынталық танытады. Себебі жермен жұмыс істеу дағдысын үйреніп, жаңа технология мен техниканы меңгереді. Самарқан Қалисатарұлының лайықты шәкірттері мен ісін жалғастырушылары бар.
Самарқан Қалисатарұлы талқыланған мәселелерге практикалық, іскерлікпен қараудың арқасында біраз жылдар бойы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып бірнеше мәрте сайланды. Жотабаев жұмыстағы барлық әріптестерімен, жергілікті әкімшілікпен жақсы қарым-қатынаста, оның жетекшілігімен бастамашылдығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін тұрақты ұжым қалыптасты. Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін жеке бақылайды.
Шаруа қожалық басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында туған ауылының өсіп-өркендеуіне үлкен көңіл бөлуде. Оның бастамаларының арқасында Самар ауылының ішінде Қайыңды өзені арқылы көпір салынып, көшелерге асфальт төселіп, салынды. Ол аудан көлемінде өткізілетін түрлі іс-шараларға тұрақты демеушілік көмек көрсетеді.
Шаруашылық басшысы бірнеше мәрте Көкпекті ауданы әкімінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Самар ауылының 100 жылдығына арналған мерекелік медаль, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медальдің иегері. 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Күнбағыстың ең жоғары өнімін алған диқан» ретінде танылған. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы бойынша Көкпекті ауданының «Өсімдік шаруашылығы саласындағы үздік фермер-технологы» болып танылды. 2009 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Самарқан Қалисатарұлы – «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы». 2016 жылдан бері Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп лицейінің тұрақты демеушісі.
Мерейтой иесінің отбасы жайлы айтып өтпеске болмайды. Самарқан Қалисатарұлы жұбайы Фарида екеуі ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеген үлгілі жанұя. Балаларынан көрген немерелер өсіп жатыр. Ұлы Әсет пен келіні Толқыннан үш сұлу немересі бар. Ал қызы Әсем жұбайы Фархад екеуі өткен жылы жас ана мен әке атанды. Шаруашылықтың ісін жүргізуде інісі Болат Қалисатарұлы отбасымен бірге әрдайым қол ұшын созып келеді. Берекелі шаңырақтың әрбір мүшесінің ұсыныс тілегін тыңдап, ақыл-кеңес беруге, қуаныштарына ортақ болуға отағасы уақыт табады. Жотабаевтар отбасы ата-бабасының даңқты дәстүрін жалғастырып өмір сүрсе, осынау көп балалы әулеттің басшысы күн сайын жерге деген сүйіспеншілікпен, адамға деген құрметпен өмір сүруде. Өз міндетіне ілтипатпен, адалдықпен қарау, адамдармен жұмыс істей білу, жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибе – осының бәрі ұжымның, ауыл тұрғындарының құрметіне, беделіне ие болды.
Көптеген құттықтауларға аудандық «Жұлдыз» – «Новая жизнь» газетінің ұжымы да қосылып отыр. Мерейтойыңыз құтты болсын, құрметті Самарқан Қалисатарұлы! Ұзақ өмір, мықты денсаулық, бақыт, кәсібіңізге табыс пен сәттілік тілейміз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.