Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Отан деген ұғым - әрбір адам үшін қастерлі. Біреулер үшін ол -отбасылық болса, енді біреулер үшін - өмір сүруге қолайлы туған жері.  Туған жеріне, еліне деген махаббатың, сүйіспеншілігін білдірмеген адам жоқ шығар, сірә? Өскен өңірін әркім әрқалай ардақтайды. Шамасы жеткендер мешіт салдырады. Бабаларына ас береді. Бәйге, айтыс, жарыс ұйымдастырады. Мұқтаждарға қайырымдылық жасайды. Талабы жоғарылар шыққан биігімен ауыл атын асқақтатады. Осы орайда аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлы Шығыстан шыққан қалталы азаматтарды, іскер жандарды өздері туып-өскен өңірлердің экономикасын көтеруге, туған жерге қолдарынан келгенше көмек көрсетуге шақырып, облыста бес жылдан бері «Туған жерге тағзым» акциясын өткізіп келеді. Оның нәтижесі де жоқ емес.

Біздің мақаламыздың арқауы да аталмыш акция аясында туған ауылдарының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтар жайлы болмақ. Туған жерлеріне сүйіспеншілік білдірген абзал азаматтар Бастаушы ауылында да баршылық. Жалпы, Бастаушы – бабаларымыздан мұраға қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, көзінің қарашығындай сақтап жүрген ауылдардың бірі. Бұл орайда өңірде құрылған «Асыл мұра» әжелер ансамбілінің алатын орны ерекше. Өткен жылы 25 жылдық мерейтойларын атап өткен аталмыш қоғамдық бірлестік аудан көлемінде немесе округ шеңберінде аталып өтілетін барлық мерекелерде қазақтың ұлттық нақыштарын, игі қасиеттерін паш ете отырып, сол арқылы жас буынның бойына ұлттық сана-сезімді ұялатуда зор еңбек етуде. Сондай қасиеттерді бойларына сіңіріп өскен мектеп түлектері бүгінде өздерінің парыздарын қайырымды істер арқылы өтеп, ел абыройын асқақтатуда. Бұл сөзімізге Ұлыстың Ұлы күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған Наурыз тойындағы жарқын істер дәлел бола алады. Атап айтсақ, қазірде Астана, Алматы, Өскемен қалаларында тұрып, беделді қызмет атқаратын ауыл тумалары 21 наурыз күні еркін күрестен жарыс ұйымдастырды. Оған әр аймақтан 100-ге жуық спортшылар қатысты. Барлық қатысушылардың тамақтануы да қарастырылып, қолайлы жағдай қалыптастырылды. Ал, кешкісін жоғары ұпай жинап, биіктерден көріне білген боз кілем үстіндегі балуандарды марапаттау рәсімі болып өтті. Тартысты өткен бәсеке нәтижесінде 8 бірінші орын және 8 екінші орын иелері анықталды. Барлық жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қайырымды істер бұнымен шектеліп қалмады. Ұлық мереке күні де толастамай, ауылдастарын шаттық сезімге бөледі. Мәселен, 1976, 1988, 1989 жылы дүние есігін ашқан өңірдің абзал азаматтары ауыл тұрғындары арасында «Наурыз көже» сайысын ұйымдастырды. Алаңға қазандықтар орнатылып, буы бұрқыраған көженің иісі барлық халықты ерекше күйге бөледі. Көңілді өткен байқаудың соңы молынан жайылған ақ дастарханға ұласып, ұлттық тағамдардан дәм татылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар да ойнатылып, үздік деп танылған қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Мәселен, қой көтеру бойынша өткен жарыста 70 рет көтеріп, балуан атанған Қабылбеков Ержанға сыйлыққа сол қой табысталды. Ал, көрші орналасқан Көкжота ауылында мерекеге арналып жылқы сойылып, дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды. Сонымен қатар, көпшілікті қызықтырған «Көкпар» ойыны өткізілді. Зайсан, Күршім сынды аудандардан келген аттың құлағында ойнайтын жігіттер жақсы өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарын тәнті етті. Тартысты додада жүлдегер атанып, жеңіс тұғырынан көрінген қатысушылар ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Тек бір өкініштісі, бұндай шаралар ауылдық округ әкімдігінің тарапынан қолдау таппай, назарынан тыс қалып отыратыны көңілге қаяу түсіреді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дегендей осы істердің басы-қасынан табылып, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, ауылдастарына арнап мерекелік шараларды ұйымдастырған ауылдан түлеп ұшқан абзал азаматтардың есімін атап өтуді борыш санап отырмыз. Олар – Қанат және Бауыржан Ержановтар, Д.Ермекбаев, Е.Қабылкенов, Т.Нұрғазин, Н.Раханов, А.Смағұлов, Айдос және Айжан Садықовтар, Т.Бошанов, С.Раханов, Р.Алтынғазы, Қ.Оспанов, Ж.Қожамбетова, Қ.Бихатов және Н.Беркембаев.

Міне, асқаралы істер атқарып, өздері туып-өскен елдің мерейін асырып жүрген осындай азаматтарға Алланың нұры жауа берсін дегіміз келеді. Бұл «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданда жүзеге асырылып жатқан істердің бір парасы ғана екендігін айта келіп, біз аймағымыздан шыққан басқа да қалталы азаматтардың құлағына алтын сырға дегіміз келеді. Көкті тіреген коттедждерде тұрып, қос-қостан құнына шаш жетпейтін шетелдік көлік мініп, шалқып жүрген бай азаматтар жоқшылық шылауында қалған туған жері мен атамекеніне қаржылай көмек көрсетіп, ауыл адамдарына көмектесуді ұмытпаса екен деген өтініш білдіреміз.

Арайлым МИРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз