Ағымдағы жылдың 22-ші қыркүйегінде Көкпекті ауданында ШҚО Ішкі саясат басқармасы және Семей Жастар Ассамблеясы ұйымдастыруымен «Ауыл жастарының әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны іске асыру» тақырыбында облыстық мобильдік топ жастар керуені арнайы форум өткізді.
Шараның мақсаты - жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мән-маңызын түсіндіру, жастар жұмыссыздығын азайту, тұрғын үймен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіріп, жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында кеңес беру, пікірлесу болып табылады.
Мобильді топтың мүшелері ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама, дін, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мамандар, «Даму», «Атамекен», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары, сонымен қатар теологтар, блогерлер болды.
Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен белсенді жастар, сондай-ақ әр түрлі ауылдық округтерден келген жастар саясатының жас мамандары қатысты.
Достық диалог форматында жастардың кәсіби және шығармашылық өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Сарапшылар жастар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігі туралы сұрақтарға жауап берді және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салымшы болудың жолдарын түсіндірді. Дінтанушы жат діни ағымдардан сақтану жөнінде кеңестерін айтты.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Жастардың белсенділігін арттыру, оларды әр түрлі іс-шаралар арқылы туған ауылының қоғамдық өміріне қатысуға ынталандыру маңызды рөл атқарады.
Жастар ресурстық орталығы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.