Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы мәслихатының жергілікті өкілдік орган ретінде құрылғанына 20 жыл толды. Мерейтойлық датаға орай, аудандық мәслихат хатшысы Р.Беспаевтың басқаруымен ауданның 13 депутаты Көкпекті ауылының Жастар саябағына 14 шырша отырғызған. Осы аллеяны олар Депутаттар аллеясы деп атаған.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына сай, бастауында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрған жаңа тәуелсіз, егеменді мемлекеттің базалық негізі құрыла бастаған болатын. Сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» жергілікті мемлекеттік билік органдарының аты мен құрылымына нақты өзгерістер енгізген Заң қабылдаған. Жергілікті өкілдік органдары мәслихат деп атала бастады. Айтып өтсек, жергілікті өкілетті органдардың аты ғана өзгеріп қойған жоқ, олардың заты да өзгерді. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптасқан жергілікті кеңестерден айырмасы, мәслихаттар – депутаттар жиыны, тек облыстарда, аудандар мен облыстық және республикалық деңгейдегі қалаларда, астанада сайланды. Мәслихаттар тікелей бағыныштылық қарым-қатынастарына қатыссыз, өз құзыреттілігінің шегінде жергілікті халықтың тілегін ұсына және өз іс-әрекетін өз бетінше еңсере алатын шын мәніндегі мемлекеттік органдар ретінде танылды.

-Біз халыққа қызмет етушілер, олардың тілектерін жүзеге асырушылар ретінде әлеммен және табиғатпен үндестікте болуымыз керек, - дейді мәслихат депутаты Александр Бойков. –Сондықтан да біздің әрқайсымызды еске түсіріп тұратын, біздің соңымызға қалдыратын белгіміз секілді әр ағаш айналадағыларға қуаныш сыйлайтын аллея отырғызуды шештік. Бұл біздің бірлігімізді және әрдайым халыққа қызмет етуге дайын екенімізді білдіретін, ауылымыздың ыстығына күйіп, суығына арқа тоса алатынымыздың өзіндік бір нышаны болады.

Екатерина СКУДАРНОВА 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз