Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 қазан күні аудан әкімі көпбалалы аналарға салтанатты жағдайда мемлекеттік марапаттар «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыстады.

Көп балалы ана дегенде көз алдыңа кір жөргектердің ортасында шаршап шалдыққан, қажыған, ұйқысы қанбайтын, үйден тек қана балаларымен, онда да оларды балабақша мен мектепке апару үшін ғана шығатын әйел елестейді. Қазіргі заманның көпбалалы аналары бұл жалған көріністі сейілтіп жібереді. Әдемі, сәнді киім киген жинақы, көңілді күлкілері сыңғырлаған балалардың ортасында, егіз сәбилері немесе тетелес балаларын қоларбаға салып алып қыдырыстап жүрген аналарды жиі кездестіруге болады.

Міне бүгін де біздің кейіпкерлеріміз сәнді, мерекелік райда киінген, өздері толқулы. Таныс болыңыздар Көкжайық ауылдық округінің Қарамойыл ауылынан Қалиахметова Әлия, Құлынжон ауылдық округінің Көкжыра ауылынан Құсайынова Райхан, Теректі ауылдық округінің Қызыл Жұлдыз ауылынан Мұхаметжанова Сәуле және Көкпекті ауылынан Нұрпейісова Факизат. Әлия мен Райхан «Алтын алқаға» ие болды, ал Сауле мен Факизат -  «Күміс алқа» иегері атанды. Олар үшін бұл мемлекеттік марапаттар – мемлекет отбасына мемлекеттің бір бөлшегі деп қарап, ал балаларын елдің болашағы деп санауының белгісі. Бірақ олар өздерін батырмыз деп санамайды, олар үшін бұл тек қана өмір, олардың отбасы, балалары мен бақыты. Біз оларға зор денсаулық, отбасы берекесі мен жан жылуын, бақуаттылық тілейміз.

 Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз