Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі кемел келешегі, жарқын болашағы жалынды жастардың қолында. Көкпекті ауданының жастары бұл үлкен жауапкершілікті терең түсініп, үнемі белсенді істерімен көрініп келеді.

Еріктілердің жұмысы әлем елдерінің дамуындағы маңызды ресурс болып отыр. Бұл сөзімізді Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде коронавирусқа қарсы күрес бағытында пайда болған азаматтық бастамалардың толқыны куәландырады. Дәрігерлердің айтуынша, аурумен күресте табысқа жету тек ақ халаттылардың ғана емес, бүкіл қоғам белсенділігіне тікелей байланыс-ты. Еріктілер де қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені олар барлық мұқтаж жандарға көмек көрсету ісінің алғы шебінде келеді. Оның ішінде өз ауданымыздың ерікті жастарын да мақтанышпен айта аламыз. «Арлан» клубының мүшелері Т.Тұрсынов, А.Артықбаев, Т.Ахмеров. Р.Досанов, Е.Ғабитханов кешкі рейдке шығып, жастарға көмек көрсетуде.


Сондай-ақ ауданымызда Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығы жанындағы колл-орталық жұмыс істей бастады. Оның қызметіне аудан бойынша қолданыстағы шектеулер туралы халықты ақпараттандыру кіреді.
Байланыс телефондары: 2-12-95, 8-777-182-32-01, 8-747-135-66-27. Ұялы телефоннан да, стационарлық телефоннан да қоңырау шалуға болады.
Қажетті ақпаратты нақтылаудан басқа, азаматтар еріктілердің көмегіне жүгіне алады. Бұл өзекті және маңызды, себебі Көкпекті ауылындағы шектеу шаралары 65 жастан асқан адамдардың үйден шығуына тыйым салады. Бастамашы жас-тар әжелер мен аталарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді жеткізіп, осы мәселені шешуге көмектеседі.
Қарттарымыз дерт жұқтыруға бейім адамдардың тобына жатады. Сондықтан осы акцияны қолдайтын балалар өздерімен бірге қолғаптар мен маскалар түрінде қажетті қорғаныс құралдарын таратады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз