13 қазан күні Көкпекті ауылында аудан әкімі азаматтардың жеке сұрақтарына байланысты қабылдау өткізді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жұмысындағы әлсіздіктер аппараттық кеңестен соң, өз жалғасын азаматтарды қабылдау кезінде де тапты.
Қабылдауға келген азаматтардың жартысынан көбінің көкейіндегі сұрақ тұрғын үй мәселесі болды. Атап айтқанда ,тұрғын үй мәселесі аудандағы ең қарқынды проблемалардың бірі. Бүгінгі күнде кезекте тұрғындар қатары 400-ден астам адамды құраған. Облыс әкімімен кездесу барысында аудан әкімі тұрғын үй мәселесін бірінші орынға қойды. Сонымен бірге, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тұрғын үй мәселесін шешу туралы нақты жоспар құрмаған. «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының зор әлеуеті іске аспай қалады. Жалға берілетін пәтерлерді дамыту бойынша да ұсыныстар жоқ. Осы мәселе жөнінде жиналыстарда бірнеше рет айтылды, алайда, көзге көрінерлік жұмыстардың алға жылжуы байқалмайды. Өздерінің тұрғын үй мәселесі шешіледі деген үмітпен азаматтар қабылдауға енді-енді келуде. Бірақ, осындай қарқынмен оларға ұзақ уақыт күтуге тура келеді.
Қабылдау кезінде іс жүзіндегі заңнамадаға қатысты түрлі сұрақтар бойынша түсіндіруге уақыт көп кетеді. Осының барлығы ауылдық округ әкімдері және жеке бөлімдердің азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасаудағы кемшілігін көрсетеді. Яғни, осы жолғы аудан әкімінің қабылдауында Көкпекті және Үлкенбөкен ауылдық округінің тұрғындары болды. Ал, олардың мәселелерін шешу ауылдық округ әкімдерінің құзыреттілігінде болу керек.
Өкінішке орай, тұрғындар арасында олардың мәселелерін атқарушы билік органдары шешуі керек деген көзқарас сақталған. Әрине, жергілікті билік өкілдері тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша шаралар қолдануға міндетті, бірақ сол мәселелер олардың құзырында болса ғана. Алайда, екі адамның арасында жеке бастарына қатысты шиеленіс орнаған жағдайда оларға тек сотқа жүгінген дұрыс.
Аудан әкімі барлық өтініштер бойынша түсіндіріп өтті. Ол бөлім басшыларына өз құзырына сәйкес азаматтарға көмек беру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.