Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Бүгін ауданымызда «Біз біргеміз!» тақырыбында аудандық VІІІ жастар форумы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапапрұлы Теміржанов, ауылдық округтердің жастар ісі мамандары, ауданның белсенді жастары мен жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
- Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Олар Елбасының және аға буын салып берген сара жолдың жалғастырушылары. «Біз болашақты қалай құрамыз? Қандай игі істерді атқарамыз?» деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап іздеуіміз қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйіткілді мәселелерді шешуге арналады, – деп мәлімдеді Марат Қапаұлы өз сөзінде.
Басқосу барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Мағжан Жадрин баяндама оқыды.
Форумда белсенділік танытып жүрген жастарға әр түрлі аталымдар бойынша алғыс хаттар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.
«Жылдың үздік жас ұстазы» - Еламан Кеңесқалиев, «Жылдың үздік жас кәсіпкері» - Жандос Жеңіс, «Жылдың үздік патриоты» - Жарбол Алпысбаев, «Жылдың жас үздік спортшысы» - Өскен Төлеубеков, Жасұлан Смағұлов, Рахат Байсақалов, Анатолий Бойков, Тимур Жұманов, Бексұлтан Маратов, Сәбит Әкімбеков, Адам Ибрагимов, Ақпейіл Дәулетханқызы, Ерасыл Бауржанов, Бекжан Жексенбеков алса, «Жылдың үздік жас мемлекеттік қызметкері» - Азамат Халықов, «Жылдың үздік жастар саясаты маманы» - Лена Санина, «Жылдың үздік жас медицина қызметкері» - Әсем Қалиева және Меруерт Омарбекова болды. Сондай-ақ, жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Әли Жангасинов, Дәлел Мұсағазинов, Мақсат Тоқсанов, Альмира Әбекбаева, Андрей Деринг, Сауых Ерназар, Нұрлыбек Саденұлы, Ерлан Әзімбаевқа және де мемлекеттік саясатты әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды ақпараттандыру бағытында белсенді жұмыс атқарғаны үшін Ерназар Сауых, Елена Сорокина, Альмира Әбекбаева марапатқа ие болды. Ал, Арыс қаласын қалпына келтіру барысында сапалы жұмыс атқаруға қосқан үлесі үшін Арман Сияновқа да Алғыс хат табысталды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.