Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жастар сүйіп көретін және қызығушылықпен қатысатын Жайдарман ойыны Көкпектіде қарыштап дамып келеді. Семейде «шулатып» жүрген «Көкжайық құрамасы», шалғай ауылдан шықса да талай жерде оза шауып жүрген «Шұғылбай» құрамасы, облыстық ойындарға алғаш қатысып, бірден жаңалық жасаған «Петекантроп» сынды құрамалар аудан атын алысқа танытып келеді.

Күздің соңында аудандық Жайдарман лигасының «Маусымашар» кубогы сарапқа салынды. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен ойынға барлығы 9 құрама қатысып, әдемі әзілмен көрерменді тәнті етті.


Жастар жылына орай атқарылып жатқан шаралардың легі жалғасуда. Аудандық Жастар орталығы басшылыққа Мағжан Жадрин сынды жалынды көшбасшы әрі дарынды ұйымдастырушы келген соң тың серпінмен жұмысты жандандыруда. Жастардың бос уақытын қамтуға арналған іс-шаралар жаңа леппен қолға алына бастады. Оны сезіп, көзімен көріп жүрген жастардың белсенділігі де артқандай. Жайдарман ойындарына жиылған жастардың қарасы да көп болды бұл жолы. Олардың басын қосып, бір арнаға түйістіріп жүрген Әлижан Артықпаев пен Мақсат Тоқсановтың еңбегі зор. Жастар орталығының маманы Ақбота Бақытбекқызы да бар білгені мен тәжірибесін салып, «Маусымашардың» жоғарғы деңгейде өтуіне барынша атсалысты.
Талапшыл маман Дәлел Мұса-ғазинов дайындап әкелген «Шұғылбай» құрамасы әділ-қазылар алқасының шешімімен «Маусымашар» жеңімпазы атанып, Кубокты иеленді. Бұл жолы «Шұғылбайдың» сапында кілең балғын ойыншылар өнер көрсетті. Жаңа құраммен шықса да баяғы бабынан жаңылмаған жігіттердің өнеріне тәнті болған көрермен алғысы шексіз. Сондай-ақ, «Петекантроп», «Көжектер», «Көкжота» және «Аққала» құрамалары үздік ойынымен танылды.

Дархан БЕРДІБЕК 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз