Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осы бір бойы аласа, айналасына жұғымды, сөйлесе екі тілде де бірдей сайрай жөнелетін әжені ауыл тұрғындары түгел таниды десе болады. Көрсе болды орыс – қазағы шүйіркелесіп сөйлесе жөнеледі. Жаңылқан апа өз қатарластарына қарағанда көзі ашық, хат танитын, кезінде ауданның белді ұжымыныда еңбек еткен адам.

 - Он бес, он алты жасымнан аудандық қаржы бөлімінде агент болып еңбек еттім. Төрт колхоздың барлық салығы менің мойнымда. Соғыс жылдарында қандай қиын болса да, біздің мекеме ылғи да салық жинаудан екінші орын алатын,-дейді Жаңылқан апа есіне алып.

 Қаршадай қыз өзінің өжеттігінің арқасында мойнына қырық мың сомды міндірмекші болған әріптесінің қиянатын ашып, бетіне басқан. Әкесі еңбек армиясында, анасы болса ол да кеүні кешке дейін жұмыста. Қаншама қиын сәттер болса да олар бір ғана ортақ мақсат – жауды жеңу үшін елмен бірге күш салысты. Осылайша өжет қыз кейін өзінің отбасында да ынтымақ, бірлік және де тәртіп болуын қатаң қадағалады.

 Тұрмысқа шыққан жігіті әскери адам болды. -Мен оны танымайтынмын, үйленгеннен кейін жұмысына кетті. Тіпті бір-бірімізді танып та үлгермедік. Осылайшы ол қысқа мерзімдік демалыстарға келіп тұратын. Ақыры шыдамым таусылды. Оның алдына міндет қойдым:тұратын болсаң тұр, тұрмасаң жолың ашық деп кесіп айттым. Содан 1945 жылдың 12 қыркүйегінде некемізді заңды түрде қидық,-деп есіне алады апамыз.

 Жаңылқан апа кейін оқу залында меңгеруші болды, қайтадан қаржы бөлімінде жұмыс істеді. Кейін арнайы білімі бар жастар келгенде зейнеткерлікке шықты. Оны «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

 Қазіргі күні апамыз ұлы Зейнолланың қолында тұрады. Бірнеше немересі бар, шөбере де сүйген. Жыл сайын Қарттар күні мерекесінде ол тек отбасынан ғана емес, бұрынғы жұмыс орнынан, аудандық, ауылдық округ әкімшілігінен құттықтау алады. «Осы өміріме ризамын, тілегім тыныштық болсын»,- дейді Жаңылқан Көктаева.

Клара НҰРППЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз