Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айының 6 жұлдызында Көкпекті ауданына облыс әкімі орынбасарының тапсырмасымен, облыстық ішкі саясат басқармасының және жастар ассамблеялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-жастар жолы» облыстық жастар керуені келген болатын.

Бастау алған жоба аясында жастар керуені облысымыздың 15 ауданында өз жұмысын жүргізетін болады. Ал бұл үлкен жобаның Көкпекті ауданында бастау алғаны үлкен қуаныш. «Жігерлі жастар ауылға» деген жоба аясында ауылдық жерлерде тиімді еңбек идеологиясы және жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады. Осыған орай, бұл облыстық керуеннің басты міндеттерінің бірі жастарға осы жобаларды толық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл керуеннің қатарында әр түрлі саланың мамандары, мемлекеттік бағдарламаны жүргізіп жатқан мекемелер, бағыт-бағдар бере алатын қызметкерлер бар. Яғни, ішкі саясат басқармасы, жұмыспен қамту бөлімі, спорт және дін істері басқармасынан, білім беру бөлімінен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен, психолог мамандар арнайы келді. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы, Жас Отан жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Асхат Бақытжанұлы, теолог Қанат Тұрсынғали, ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларын даярлау орталығының орынбасары Ләззат Тоқтарбекқызы, денсаулық сақтау басқармасынан Г.Ержанқызы, денешынықтыру және спорт басқармасынан Әділ Бағдатұлы және психолог маман Аия Байзалина. Сонымен қатар, бұл шараға ауданымыздан «Атамекен» ұлттық қауіпсіздік палатасынан Зухра Қалиева, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Арай Қалибаева қатысты.


Келесі кезекте, әр маман ортаға шығып бұл жоба жайлы өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын және тиімді жақтары жайлы айтып өтті.
Алғашқы сөз кезегі облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызына берілді:
- Қайырлы күн, құрметті жас достар! Өздеріңізбен тағы да қауышқаныма өте қуаныштымын. Был-тырғы жылдан бастап Көкпекті ауданының жас-тарымен тығыз байланыстамыз, түрлі облыстық шараларды бірлесіп өткізіп жатырмыз. Жоғары деңгейлі айтулы шара халықаралық «Толағай сұлтаны» сайысын өткізгелі жатыр екенсіздер қуаныштымыз, сәттілік тілейміз! Шет мемлекеттерден келетін спортшылар ауданның жас спортшыларының дамуына сеп болады деген ниеттеміз, үміттеміз. Менің ойымша, Көкпекті ауданы бұл халықаралық сайысты өткізуге толық хақылы, мүмкіндіктері де бар, себебі бұл батырлардың, балуандардың мекені. Және бүгінгі облыстық керуеннің де сіздердің аудандарыңыздан бастау алып отырғаны жайдан-жай емес, ол сіздердің белсенділіктеріңіздің нәтижесі. Биылғы жылы республикадан көптеген гранттар бөлінген. Шығыс Қазақстанға 610.000 теңгелік 600 грант бөлініп, оның 57-сі қайтарымсыз болған.
Бірақ бір өкініштісі сіздердің аудандарыңыздан бірде-бір өтініш қабылданбаған. Бұдан бөлек кәсіпкерлер палатасы бойынша «Жас кәсіпкер» деген 505.000 теңгелік қайтарымсыз грант алуға болатын жоба іске асып жатыр. Басқа ешбір мемлекетте мұндай мүмкіндіктер жоқ, сондықтан өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.
Жалпы республика бойынша болашақта керек мамандықтардың атласы бар. Бір жылдары естеріңізде болса республикамызда заңгерлер, экономистер күрт көбейіп кеткен болатын. Дегенмен сапалы мамандар да табылмаған еді. Осы мақсатта республикалық «Қорғау» деген жоба іске асып жатыр,- деді Арайлым Керімбекқызы.
Керуенмен келген мамандар өз салалары бойынша барлығын толыққанды түсіндіріп, келем деушілерге сұхбат жүргізуді түстен кейін де жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Айдын Тоқсанов

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз