Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дана халқымызда ер-жігіт ұғымына үлкен жүк артылады. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес», «Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек» деген нақыл сөздер осыған дәлел болса керек. Ал жігіттің сұлтаны мен сырттаны деген атаққа білекті де жүректі, өр тұлғалы, ер намысты, сөзі мірдің оғындай, батырлығы көз сүйсіндірер оғландарымыз ғана тең келеді. Бұл көркем сипаттау әрине, кешегі ел іргесін ат үстінде, найза ұшында жүріп қорғаған батыр бабаларымыз бен сырбаз да сыршыл сал-серілерімізге тән қасиет екені хақ. Ал, сол серілеріміздің бүгінгі сарқытындай болған ұландарымыздың бойынан осындай асыл қасиеттер табыла ала ма? Міне, осы сұраққа жауап алу мақсатында Көкпектінің шымыр ұландары арасында жыл сайын серілер сайысы ұйымдастырылып, білек күштерімен қатар білімділіктерін сынаған жігіт сұлтаны сайысы өткізіліп келеді.

Биылғы жылы бұл бәсі басым бәсекенің ауқымы мектепішілік деңгеймен шектелмей, аудандық көлемде айшықтала түсті. Себебі, Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуына орай өткізілген аудандық байқау әсіресе жастар саясатын насихаттауда, өскелең буынды ұлтжандылыққа бағыттау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде берері мол бастамалардың бірі десек артық айтқандық емес.

 


Ақпан айының 14 жұлдызында аудан орталығындағы Ж.Шайжүнісов атындағы білім шаңырағында бастау алған білектілер сайысына Көкпекті, Көкжайық, Үлгілі, Тассай, Үлкенбөкен, Көкжота, Амангелді, Бастаушы, Ажа, Биғаш ауылының жүректі жігіттері бекзаттық үлгіде, ұлттық нақышта киініп сақадай сайланып келген екен. Серілердің бойынан бір мін таппадық. Десек те, сайыс барысында жігіттердің қарым-қабілеттері айқындалып жатты.
Алдымен көпшілік алдында ашылу салтанаты орын алып, сайдың тасындай сап құраған серілеріміз рет-ретімен таныстырылып өтісімен, көремен мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлының ыстық лебізіне құлақ түрді. Аудан төрінде ұйымдастырылып отырған намыстылар додасына келген сайыскерлерге сәттілек тілесті. Осыдан соң байқауға төрелік жасар әділ-қазылар құрамы таныстырылып өтті. Қазылар алқасының төрағасы ақын, мәдениет үйінің қызметкері Фархат Маратұлы, Жастар орталығының директоры Азамат Қалықов, Спорт мектебінің жаттықтырушысы Өскен Өркенұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Раушан Қадылқанқызы болды.
Ауданның 10 ауылынан келген «сен тұр, мен атайын» жігіттер «Таныстыру», «Өнерлі өрде озар»(патриоттық әндер), «Ерміз болашақ Отан қорғаушы», (Әскери-спорттық эстафета), «Салтын білмеген, сауапты түсінбейді»( Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап), «Күш атасын танымас» (Қазақ күресі) атты кезеңдер бойынша бақ сынасты.
Осылайша ұзақты күнге ұласқан аудандық жігіт сұлтаны байқауы тәмамдалып, серілерімізді сан қырынан саралап, өнерлерін бағалап, бағамдап ақылдаса келе әділқазылар алқасы қорытынды ұпайларын шығарды.
Сайыс нәтижесі бойынша қарсыластарымен иық тіресіп белдесіп, сайыстың қай түрінен болса да осалдығын танытпаған нағыз ержүрек ұлан тассайлық Бақдәулет Құдайбергенов бас жүлдені жеңіп алды. Жауырына шапан жабылған жас өрен осылайша аудандық «Жігіт сұлтаны - 2019» атағының иегері атанды.
Ал I-орынды Көкжота ауылынан келген Айқын Қапиолла жеңіп алса, ІІ орынды бастаушылық сайыскер Әділет Мұхамедолла, ІІІ орынды Көкпекті ауылынан Досбол Алпысбаев иеленді.
Қалған қатысушылар Мәди Ескендіров, Ақыт Қайрат, Ерболат Замаданов, Қуаныш Слямбек,Мираш Медет, Қыран Манатұлы белсенді қатысқандары үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинованың Алғыс хатымен марапатталды. Ал «Жігіт сұлтанын» тамашалаған қалың көрермен қайталанбас әдемі әсермен тарасты. Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ұжымы сайыстың өткізілуіне демеушілік жасаған Кулия дүкенінің қожайыны кәсіпкер Арнұр Мауткановқа ризашылығын білдіреді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз