Биылғы жаңа 2019 жыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен «Жастар жылы» аталып отыр. Елбасымыз жастарға үлкен сенім артып, ел болашағы жастардың қолында екенін, олардың жігерлі еңбектерінің мемлекетіміздің дамуына қосатын үлестерінің зор екенін атап өтті.
Осыған орай біздің Көкжайық ауылының жас-тары да, ауылымыздың көркеюіне аянбай тер төгіп, әрқайсысы әр салада еңбек етіп жүр.
Дархан Оспанов – білікті ұстаз, Ринат Ақылбаев – мәдениет үйінің меңгерушісі, Әлмира Кіршібаева – медбике, Мақсат Кіршібаев, Асхат Қалиев, Мұрат Абдулдин, Ерлан Әзімбаев шаруа қожалықтарында еңбек етсе, Әйгерім Әбікенова ұстаздық жолын жаңа бастаған жас маман. Көкжайық ауылында өтетін игілікті іс шараларға мектеп ұжымы, ардагер ұстаздар, ауыл ақсақалдары мен жергілікті жастар жиналды. Қай уақытта болмасын, кез-келген шаралардың қызықты өтуіне атсалысып, белсенділік көрсетіп жүретін осындай жастарымыз бар.
Қазақ халқында «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - деген сөз бар, сол жастарымыздың бірі – Ерлан Әзімбаев. Ерланның жыл қорытындысы бойынша атқарған қоғамдық істері жоғары бағаланып, аудан әкімі А.Смаиловтың атынан алғыс хат табысталды. Бұл үлкен жетістік.
Жырақта жүрсе де туған елін ұмытпай келіп, ауыл халқын құттықтап, туған жеріне туын тігіп, өзіндік қолдау танытып, жаңа жыл мерекесін көңілді өткізіп қуаныш сезімін сыйлаған, Еркін Байсейітов пен Ермек Аздархановқа ауыл халқының айтар алғысы шексіз. Осындай жастарымыз игілікті іс-әрекетерімен жарқырай көрініп, еселі еңбек етсе ауылдың да, ұлы көштен қалмай алға қадам баса беретіне сеніміміз мол.
Қазіргі қоғам рухани жаңғыру үстінде сана өзгерді, мемлекетіміз жылдан-жылға нығаюда. Тек жастар осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып, егемен еліміздің әрі қарай кемелдене түсуіне өз үлестерін қосса деп тілейміз. Ел келешегі жастардың қолында, біз жастарға сенеміз.
Алпыс Омарбеков,
ауыл тұрғыны, зейнеткер
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.