25 қаңтар күні «Самар агро-техникалық колледжі» студенттерінің ұйымдастыруымен Жастар жылының ашылуын қолдау мақсатында салтанатты жиын өтті.
Іс шараға аудандық маслихат депутаты Е.Сихварт, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов, Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Мажибаева, Самар агро-техникалық колледж директоры Н.Исенов пен колледж ұжымы, студенттер қатысты. Сөз кезегін алған А.Садықов, Е.Сихварт, Г.Мажібаева осындай іс-шара ұйымдастарған жастарға алғыстарын білдіріп, мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты екенін айтты. Елбасы айтқан жобалардың барлығына тоқталып, түсіндіріп өтті. Колледж директоры Н.Исенов осындай іс шараны ұйымдастырған студенттерге, қатысушыларға алғысын білдіріп, Самар агро-техникалық колледжінде жыл бойы әртүрлі іс шарлар ұйымдастырылатынын айтып өтті.
Студенттер де өз кезегінде сөз алып, жастардың тұрғын үймен қамтылуы, волонтерлық, «Жасыл ауыл», «Жас маман», тегін білім алу туралы Елбасы айтқан жобаларға белсене атсалысатындарын жеткізді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.