Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Жастар Еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

2019 жылғы 23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұрәлем» павильонында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жастар тарапынан ұсынылған бірқатар жобалармен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды және ілгерілетуді ерекше бақылауға ұстауға тапсырды. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оны онлайн режимде Көкпекті ауданың жалынды жастары тамашалап, өзара пікір алмасты. 

Жібек Смағұлова, Семей қаласы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 4 курс студенті:
-«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімін толықтай көріп шықтым. Алған әсерім өте мол. Біз білетін де, білмейтін де үлкен еңбек етіп жатқан жастар қаншама. Елбасымыз биылғы жылды біздерге арнап отыр. Қажырлы еңбек етіп, жоғары білім алып, жұмыс жасауымыз үшін көптеген жағдайлар жасауда. Мысалы, Елбасымыз айтып өткен «Дипломмен ауылға» жобасы, биылғы жоғары оқу орнының түлектері үшін жасалынып отырған үлкен жоба. Мен осы жобамен Алла қаласа өзімнің туған өлкеме жас маман болып жұмысқа орналассам деген мақсатым бар. Елбасы бұл өткен форумда барлық мәселелерді көтерді. Барлығына жағдай жасап беруге, көптеген жобаларды іске асыруға септігін тигізетінін айтты. Ол кісінің биылғы жылғы бізге артып отырған үмітін ақтап, еліміздің дамыған 30 елдің алдыңғы қатарына қосуға өз күшімізді салып, аянбай еңбек етуіміз керек.

 

Нұрлан Слямғалиев, Көкпекті аудандық орталық ауруханасының мейіргері:
- Бүгін тарихи маңызы бар жолдаудың мәртебесін барша қазақ елі сезінгені анық, көгілдір экран артында көріп отырған халық үшін үлкен жобалармен маңызды мәселелер шешімін тапқаны жақсы жаңалық болғаны анық. Ел жастары үшін қуанарлық жағдай ол Елбасының келер 2019 жылды «Жас-тар жылы деп жариялауды ұсынамын» дегені. Біз, жастар, Елбасының сенім артып келер жылды «Жастар жылы» деп жариялап жатқанына қуаныштымыз. Елбасының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп барша аудан жастарының атынан сенім білдіргім келеді.

Аяулым Мұратбекова М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі шет тілінен бастауыш білім беру факультетінің 1 курс студенті:
- «Жастар жылының» ресми түрде ашылу салтанатын ерекше мақтанышпен тамашаладым! Әрбір айтылған ой, алға қойылған мақсаттарға жету жолы, бәрі-бәрі Елбасымыздың жастарға деген сенімінің арқасы. Шетел, шетел дегенмен өз елімізде де талантты жастардың барына, мәдениет, білім мен ғылым саласында өз жетістіктерімен көзге түскен, Қазақстанның ең мықты деген университеттерінен, тіпті дамушы елдердің алдында тұрған мемлекеттерден шақырту алып жатқан Жастардың бар екеніне тағы бір көзіміз жетті. Бұл салтанатты жиынды еліміздің «Мәңгілік ел» болуға деген талпынысының бірден-бір баспалдағы деп білемін. Және сол баспалдақ арқылы биік белесті бағындырар біз, яғни жас-тар екені анық! Елбасымыздың бізге артқан үмітін ақтау әр азаматтың парызы.

Қымбат Досанова, Көкпекті орта мектебінен тәжірбиеден өтуші студент:
- Біз - Тәуелсіз егеменді елдің жастарымыз. 2019 жыл жастарға арналғанына қуаныштымыз. Елбасымыз әрқашанда жастарға қолдау көрсетіп, көптеген мүмкіндіктерге жол ашуда. Болашақ жас маман ретінде өзімнің мамандығыма байланыс-ты келер елдің ертеңі біздің қолымызда екенін дәлелдеуге тырысар едім. Дипломмен ауылға жобасы бұл бітіруші жастар үшін үлкен мүмкіндік. Ауылда алғаш жұмысқа тұрған жас маман үшін бірнеше жыл өзінің еңбек қорына тәжірибе жинай алады деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі өткен форумда өте тамаша ой тастады. Ол «Жас кәсіпкер» яғни әрбір ауылға, ауданға қалада оқушылар мен студенттерге үгіт насихат жүргізу. Өз ауылын сүйген әрбір жас буын туған өлкесінің көркейгенін қалайды деп ойлаймын. Және де өз үлестерін қосуға дайын болатына сенімім зор!

Оразхан Көки, Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хатшысы:
- Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. Мемлекет қолдауын әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жастарға арналған десек болады. Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз.

Салтанат Айтанова, Көкпекті ауданының сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы:
- Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.
Елбасы барлық мемлекеттік мектептерге Назар- баев зияткерлік мектебінің оқыту бағдарламасын енгізуді тапсырды. Осы арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейі кеңейе түседі. Білім мен ғылым егіз ұғым секілді. Президент ғылымды дамыту тетіктерін айқындауды да басты міндет етіп қойды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз