Қыстың қытымыр мінезі енді біліне бастаған уақытта Алтынбековтар отбасы баспанасыз қалды. Үйден шыққан өрттің салдарынан тұрғын үй толығымен дерлік өртке оранған. Көкпекті ауылындағы Алтынбековтар отбасында 11 адам, оның ішінде екеуі зейнет жасында, алты баланың кенжесі жасқа толмаған. Өртке қарсы мекеме қызметкерлерінің анықтауынша, тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған.
Қиналған сәтте азаматтық танытып, қол ұшын созып, азық-түлік, үй жиһаздары мен киім-кешекпен әркім мүмкіндігінше көмектессе. Осы шаңырақ иелеріне әлі де көмек қажет. Отбасының мектеп жасындағы балаларын киім-кешекпен, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, оларды мектепке дайындауға қамқорлық танытайық. Біз бұл ешкім күтпеген жағдайдан барлықтарыңызды тысқары қалмауға шақырамыз.
Осы оқиғаның құрбаны болған отбасыға шұғыл түрде көмек жинау қажет екені туралы хабарлаймыз және барлық тұрғындардан елеусіз қалмауын сұраймыз. Оларға киім, аяқ киім, төсек, матрастар, жастықтар, жиһаз (төсек, үстел, орындық) және т.б. заттар қажет. Кез-келген көмек қабылданады, қолданыста болған заттарда пайдаға жарамды болып табылады.
Заттарды жинау орны: Көкпекті ауылы, Көкпекті ауылдық округінің әкімдік ғимараты және Раев көшесі 7 үй.
Байланыс телефоны:
2-12-71, 2-11-57, 2-15-65
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.