ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті ауданы бойынша филиалы 2014 жылдың 10 ақпанынан бастап өз жұмысын бастады. Филиал ашылған уақыттан бастап оны Әлия Орымбекқызы Мұқашева басқарады. Бөлімше жұмысы «Ұлттық палата туралы» (2013ж.), Кәсіпкерлік кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүргізіледі. Кәсіпкерлер палатасы негізінде іске асып жатқан жобалар туралы мәлімет беру мақсатында кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Әлия Мұқашевамен сұхбаттасқан едік.
- Біздің негізгі міндетіміз кәсіпкерлік қызметтің құқықтық қорғалуын, бизнес пен билік арасындағы кәсіпкерлік қоғамдастықты топтастыруды жүзеге асыру. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу, жобаларды әзірлеуге және сүйемелдеуге қатысамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адам капиталын дамыту қазіргі қоғамда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Осы үрдісті ескере отырып, біз кадрлар дайындаумен айналысамыз.- деді палата директоры.
Палата аудан бойынша 9 кәсіптік кабинет ашты. Онда аймақтағы ұйымдар мен кәсіпорындар туралы, олардың білім беру процесін және тікелей қызметін көрсететін ақпараттық бүктемелерді көруге болады. Бұл балаларға біздің аудан мен облыстағы жұмыс берушілерге қарап, болашақ мамандығын анықтау үшін жасалған. Жоғары оқу орындары мен колледждерді бағалау критерийлерінің бірі жұмысқа орналас-тыру болып табылады. Қазіргі уақытта кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты, мамандықтарға сұраныс мониторингі жүзеге асырылуда, оқу орындарында осы мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Әлеуетті жұмыс берушілер ауданда қандай да бір мамандықтың жетіспеушілігі туралы ақпарат береді. Мысалы, өткен жылы Самар ауылының аграрлық-техникалық колледжінде ұс-та ісі бойынша маман жетіспеушілігі мәселесі көтерілді. Бүгінгі күні бұл мәселе бірлесіп шешілді - колледж лицензия алып, осы мамандық бойынша оқытуды бастады. Аудандағы кәсіпкерлер өзіне білікті жұмысшыларды дайындауға қызығушылық танытады. Осыған байланысты олар өз кәсіпорындарында оқыту жүргізеді. Сондай-ақ, қысқа мерзімді оқыту курстарына көп көңіл бөлінеді. 2-3 ай ішінде кадрларды дайындауға және қайта даярлауға болады, бұл жұмыс беруші үшін үлкен артықшылық болып табылады.
- Бес жыл ішінде біздің филиал атқарылған жұмыстың арқасында облыс бойынша бірінші орында. «Атамекен» орталық аппаратынан екі құрмет грамотасы берілді. Құқықтық блок бойынша көптеген өтініштер келіп түседі.
Аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау: сервистік қызметтер көрсету, келісімшарттар жасау, ЖК ашу және жабу, аудит жүргізуді жүзеге асырылады. Палата филиалында өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді, мұнда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кез-келген қызығушылық тудыратын сұранысқа анықтама алуға болады. Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірумен айналысатын кеңесші жұмыс істейді. Ауданда сұранысқа ие жобаларға талдау жасалып, мониторинг жүргізіледі.
Елбасының Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін жалғастыруды ұсынған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолда-уында шағын және орта бизнеске алаңдаушылығын білдірді, өйткені бұл бизнес сегменттері - біздің ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі.
Шетелдік дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шағын және орта бизнестің арақатынасы неғұрлым көп болса, соғұрлым экономика тұрақты және сенімді болады. Сондықтан Президент тапсырмаларының бірі шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. Бұл бастама қазірдің өзінде жергілікті жерлерде байқалады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының және оның төртінші бағытының ұзартылуына келетін болсақ, бұл бағытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс істейді. Аталмыш бағдарламаның төртінші бағыты - қаржылық емес бизнесті қолдау, оның ішінде оқыту.
Өткен жылы «Бизнес Бастау» жобасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және тіркелген күннен бастап 3 жылдан аспайтын жұмыс тәжірибесі бар кәсіпкерлер қатарынан 180 адам оқыды. Оқытуды облыстық бизнес-жаттықтырушы Ермек Жұмағұлов жүргізеді. Ол 12 модульді қамтитын заманауи зерттеу әдісі шеңберінде оқытады.
Жобаның артықшылықтары ретінде жобаның толықтығы (оқытудан бастап қаржыландыруға және қызмет көрсетуге дейін); кәсіпкерлікпен айналысуға бейім адамдарды тарту (оқытудағы әлеуетті қатысушыларды тестілеу); жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен 18 миллион теңгеге дейін және мемлекеттен кепілдік беру жүйесінің қаржыландырудың болуы (қаржыландыруға дейін жеткізу); бизнес-жобаларды алдын-ала қорғап шығу үшін құралдың болуы (қаржыландыру үшін өтінім); көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша тренингтер (бизнес-жобаларды қорғау үшін); құпталған іскерлік жобаларды одан әрі қолдау (12 ай бойы) атап өтуге болады.
Кез-келген оқытудан өтуге ниет білдірген әрбір адам Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалына, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына, ауыл шаруашылығы бөлімі немесе ауылдық әкімдіктерге тікелей өтініш бере алады. Тестілеуге қатысу үшін жеке тұлғалар міндетті түрде жеке бас куәлігінің көшірмесін, мекен-жай анықтамасын, өтініш пен толтырылған сауалнаманың көшірмесін ұсынулары қажет. Жобаға қатысу үшін міндетті шарт кәсіпкерлік қызметпен айналысуға уәждемені анықтау үшін тестілеу кезеңінен өту болып табылады.
Оқуға қабылдаудың шекті мәні 100 баллдық жүйе бойынша 55 ұпаймен анықталады, өткізу аймағына байланысты төмендеу мүмкіндігі болған жағдайда. Жобаға қатысушылар үшін оқыту тегін негізде жүргізіледі. «Бастау-Бизнес» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет есебінен Бағдарлама операторы мен Қаржылық емес қолдау операторы арасындағы тиісті келісімді жасай отырып жүзеге асырылады. Осы Ережелердің талаптарын қанағаттандыратын тұлға, күнтізбелік жылда бір реттен артық емес «Бастау-бизнес» жобасына қатысуға құқылы. Тестілеудің қатысушысы сынақ нәтижелерін шекті мәннен төмен алған кезде сынаққа қайта қатысуға құқылы. Сонымен бірге, әлеуетті жоба қатысушысы күнтізбелік жыл ішінде тестілеуге 2 реттен артық емес қатыса алады. Келесі жаттығу ағыны келесі жылы өткізіледі.
«Бастау-Бизнес» жобасының түлек-тері оқыту тренингтерін аяқтағаннан кейін екі түрлі – қатысқаны үшін және оқуды аяқтағаны туралы сертификаттарын алады. Аяқтағаны туралы куәлік алу дегеніміз, ай сайынғы курстар аяқталғаннан кейін бұл қатысушы 17 000 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Ол тәлімгермен бірге бизнес-жоспарды жасайды және оны аудандық, облыстық деңгейде қорғайды. Жобаны табысты қорғағаннан кейін болашақ кәсіпкер жеңілдіктілген несие алады. Бұл табысты бизнесті бастауға үлкен қолдау көрсетеді. Өткен жылы 54 адамға несие берілді, 68 жоба жүзеге асырылды. 2018 жылы оның ішінде соңғы алтыншы топты есептегенде 213 адам оқытылады. Қазіргі уақытта қаржылық қолдау қорына өздігінен қаржыландыруды есептемегенде 51 жоба ұсынылды. Кеңесші Зухра Калиева қордағы жобаларға қолдау көрсетеді. Құжаттар осы жерде рәсімделеді, бұл істі жаңа бастаған кәсіпкер үшін үлкен артықшылық болып табылады. Үйлестіруші - Алена Айдарғазина іс құжаттарды жүргізу және есеп қисапты өткізумен айналысады.
- Кәсіпкерлікті қолдау бағдар-ламаларына «Іскер, Сыбаға, Игілік және Кәсіпкер» несиелеу бағдарламалары жатады. Осы бағдарламалардың ішінен «Сыбаға» бағдарламасы кеңінен танымал. Ол ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында несие береді. Осы бағдарлама көмегімен кәсіпкер жас сиыр тұқымын көбейту үшін асыл тұқымды аналық мал мен асыл тұқымды бұқа сатып алуға несие ала алады. «Сыбаға» аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару мерзімі ұзақ. Оның кепілдік саясаты жалпы несие сомасының 25% -ын құрайды, ал қалған бөлігі сатып алынатын малдың шотына жатады. Бағдарлама шарттарының бірі - бір басқа 3 гектар жер телімінің болуы қажет. Қарыз алушының мал басын дұрыс ұстау қабілеттілігін анықтау ұсынылады. Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданда «Бекзат», «Жігер» және «Қараөткел» шаруа қожалығы аумағында 3 жоба өз жұмысын бастады.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту биыл екінші жыл қатарынан жүргізіліп отыр. Дегенмен, қатысуға тілек білдірушілер қатары азайған жоқ. Керісінше, қатысуға өтініш білдіргендер қатары артуда.
Тіпті, жоба аясында қаржыландыру ала алмаған адамдар да өз қаражаты есебінен кәсіпорындар ашады. Бағдарламаға үлкен сұраныс байқалады, басқа өңірлерден қатысуға ниет білдірушілер бар. Ол үшін маңызды негіздемелер бар, себебі «Бастау Бизнес» еңбекке жарамсыз адамдарға үлкен мүмкіндіктер береді. Егер микроқаржылық ұйымдар азаматтардың табысы мен зейнетақы аударымына қарап несие берсе, мұнда керісінше, жұмыссыз мәртебесі басымдыққа ие.
- Келесі жылы Президенттің бастамасы бойынша өңдеу секторын қолдау үшін, атап айтқанда, тамақ өнімдерін өңдеу және өндіру мақсатында 600 млрд теңге бөлінеді. Бүгінде біз әкімдікпен бірлесіп отандық тауар өндірушілер бойынша жұмыс тобын құрудамыз. Несиелеуді қажет ететін шағын және орта кәсіпорындарды тіркейміз. Бұл ауданның азық-түлік дүкендерін көкпектілік өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құру мақсатында жасалып отыр. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе ауданның даму картасы әзірленуде. Ол мәліметтер үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар туралы ақпарат береді. Осылайша, жаңа жобаларды нәтижелі жүзеге асыруға болатын еркін экономикалық сала қадағалануда, - деп түсіндірді Әлия Орымбекқызы.
«Бастау Бизнес» жобасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік белсенділігі бар тұлғаларды оқыту үшін негіз болып табылады. Ол қарапайым азаматтарға кәсіпкерлік қабілетін тауып қана қоймай, оларды одан әрі тәжірибеде табысты қолдануға көмектесе алады.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.