Шіркеулік ұлы мереке Қасиетті Пресвятой Богородицы Покров күні бүкіл әлемде дінге сенушілер арасында аталып өтеді. Негізінде «покров» сөзі сенім мен қорғау деген мағынаны білдіреді. Өйткені, Богородица әрбір сұраушыны қорғап, көмектеседі.
Самар ауылының православиелік тұрғындары Свято-Покров шіркеуінде қасиетті Пресвятой Богородицы «Покров күні» православие мерекесі аталып өтті. Бұл жарқын мереке осы күні алғаш рет шіркеуге келушілердің өміріндегі тағы бір маңызды оқиға болды.
Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Өскемен аймағы шіркеуінің Алексей әкейі, Самар ауылы Свято-Покров храмының Севостиан әкейі, Никодим әкейі, Игорь әкейі, Андрей әкейі, Ильяның әкейімен бірге шіркеуді қастерлеу рәсімін өткізді.
Шіркеуді рәсімдеуден кейін Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий онда Құдайдың мерекелік рәсімін жасады. Құдайға құлшылық ету әні А.Король басшылығымен Өскемен қаласының Покров ғибадатхана хоры орындады.
Рәсім аяқталғаннан кейін Қасиетті Богородицаның Покров мейрамына құрмет көрсетілді. Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий Самар ауылындағы шіркеуге сый ретінде Қасиетті Николайдың бейнесін табыс етті.
Осы игі күні ауыл, аудан меценаттары А.Федосов, М.Лопаткин, Е.Болде, А.Калинин, А.Воротников, А.Лабышев қа шіркеуді жөндеуге көмек көрсеткені үшін медальдар табыс етілді. Ал, жерлестеріміз В.Виничук, Л.Гебель, В.Гранкина, Г.Трофименко, А.Рязанов мадақтама қағазымен марапаталды.
Аудан әкімі А.С.Смаилов, оның орынбасары Д. Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев, Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Мажибаева Православие шіркеуінің өкілдерін Қасиетті Богородица Покров мерекесімен құттықтауға келді.
Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкпекті ауданының әкімі А.С.Смаилов құттықтау сөз сөйледі.
- Біздің елімізде дәстүрлі екі дін бар. Қазақстан бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі болды. Ислам мен христиандықтың бейбіт өмір сүруінің көпғасырлық тәжірибесі біздің республикамызда тұратын қазақ, орыс және басқа да халықтардың бауырластығының куәсі болды. Әрбір дін өз тілінде адамдарға жалпы адамзаттық құндылықтарды алып келеді, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын бекітеді, халықтардың көпғасырлық рухани құндылықтарын сақтаушы рөлінде болады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт пен бейбітшілік тілеймін, - деп атап өтті Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді Қасиетті Богородица Покров мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке халықты қорғау, жақсылық пен әділдіктің символы болып саналады. Біздің елімізде бұл мереке басқа да мерекелермен қатар тойланады. Көкпекті ауданында Бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 12 ұлт өкілдері тұрады. Сіздерді осы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әр үйге денсаулық, бейбітшілік, бақыт тілеймін!,- деді құттықтау сөзінде Асхат Сайдахметұлы.
Кездесу соңында құрметті қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, қонақтар өз әсерлерімен бөлісті.
Қанат Апсадықова
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.